"ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу кезінде елордада бірде-бір штаттан тыс жағдай тіркелген жоқ
Бұған қала әкімдігі жанынан құрылған, негізгі 7 бағытты үйлестірген арнайы штабтың қауырт әрі сапалы жұмысы септігін тигізді, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.
«93 күн бойы күшейтілген режимде жұмыс істеген, мыңдаған адамдардан құралған ұжымның үйлесімді жұмысы арқасында штаттан тыс жағдайлар тіркелген жоқ. Көрменің сәтті өтуіне дайындық жұмыстары септігін тигізді», — деді қала әкімі Әсет Исекешев жұма күні аталмыш көрменің дайындық жұмыстары мен өткізілуіне атсалысқан қызметкерлерді марапаттау рәсімінде.
Ол сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында қала әкімдігі жанында негізгі 7 бағытты үйлестірген арнайы штабтың құрылғанын тілге тиек етті.
Бірінші – құрылыс нысандарының, көлік және инженерлі инфрақұрылым нысандарының (жаңа теміржол вокзалының, әуежай мен қонақ-үйлердің, электр желілері мен 2 қосалқы стансаның, жаңбыр кәріз жүйесінің құрылысы, «Талдыкөл» кәріз қалдығының жойылуы, өтпежолдардың салынуы мен «Бәйтерек» монументінің қайта қалпына келтірілуі) уақыты пайдалануға берілуін қамтамасыз ету;
Екінші — қонақ-үйлердің туристерді қабылдауға дайындығы, қаланы мерекелік безендіру (қонақ-үйлер, мейрамханалар, сувенирлік өнім, еріктілер, қала аумағын тазалау бойынша жұмысты күшейту, тазалық нормаларына сәйкес бақылауды жүргізу, жасылдандыру және кіші сәулет формаларын құру, туристер мен елорда тұрғындары үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу);
Үшінші — қалада, барлық нысандарда қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету; 4. Қоғамдық көліктердің қозғалысын ұйымдастыру (shuttle bus және «Astana taxi» бірыңғай қызметін ұйымдастыру, іске қосу, қоғамдық көліктің саябақтарын жаңарту, автобустарды аккредитациядан өткізу, бағыт-бағдар жүйесін жаңғырту;
Төртінші — қоғамдық көліктердің қозғалысын ұйымдастыру (shuttle bus және «Astana taxi» бірыңғай қызметін ұйымдастыру, іске қосу, қоғамдық көліктің саябақтарын жаңарту, автобустарды аккредитациядан өткізу, бағыт-бағдар жүйесін жаңғырту;
Бесінші — қажетті азық-түлік тауар өнімдерімен қамтамасыз ету;
Алтыншы — денсаулық сақтау (қонақ-үйлерде медициналық пункттерді ашу, жедел-жәрдем қызметінің жұмысын күшейту, 14 медициналық мекемеде елорда тұрғындары мен қонақтарын қабылдауды ұйымдастыру);
Жетінші — өңірлерден келетін делегацияның, әсіресе оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (тамақтандыру, жатын орынмен және көлікпен қамтамасыз ету);
Онымен бірге, қаланың тіршілік қарекетінің маңызды салаларын қамтитын шаралардың бірқатар кешенді жоспарлары әзірленіп, іске асырылды. Атап айтқанда: көлік қызметі, қауіпсіздік және медициналық сүйемелдеу, туристік қызметтер және т.б. Осыған орай штаттас тыс оқиғаларға әрекет ету үшін Жағдаяттар орталығы құрылды.
Пікір жоқ әзірше