Әкімдікте күзгі-қысқы маусымға қалалық шаруашылықтың әлеуетті мәселелері бойынша жиналыс өтті
Астана әкімі Әсет Исекешев жедел жиын өткізді, оның барысында ол «Астана ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің дайындығы мен жұмысына қатысқан қаланың барлық қызметтеріне алғысын білдірді.
Жиын барысында Ә. Исекешев атап өткендей, «көрме қала әкімдігінің қызметі үшін жоғары міндеттерді қойды, ендігіде барлық қызметкерлердің негізгі міндеті — қойылған жұмыстың қарқынын сақтау болып табылады».
Көрме кезінде елордада қалалық тәулік бойы жұмыс істейтін штаб құрылған болатын, ол келесі бағыттар бойынша қызмет етті:
1. Құрылыс нысандарының, көлік және инженерлі инфрақұрылым нысандарының (жаңа теміржол вокзалының, әуежай мен қонақ-үйлердің, электр желілері мен 2 қосалқы стансаның, жаңбыр кәріз жүйесінің құрылысы, «Талдыкөл» кәріз қалдығының жойылуы, өтпежолдардың салынуы мен «Бәйтерек» монументінің қайта қалпына келтірілуі) уақыты пайдалануға берілуін қамтамасыз ету;
2. Қонақ-үйлердің туристерді қабылдауға дайындығы, қаланы мерекелік безендіру (қонақ-үйлер, мейрамханалар, сувенирлік өнім, еріктілер, қала аумағын тазалау бойынша жұмысты күшейту, тазалық нормаларына сәйкес бақылауды жүргізу, жасылдандыру және кіші сәулет формаларын құру, туристер мен елорда тұрғындары үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу);
3. Қалада, барлық нысандарда қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету; 4. Қоғамдық көліктердің қозғалысын ұйымдастыру (shuttle bus және «Astana taxi» бірыңғай қызметін ұйымдастыру, іске қосу, қоғамдық көліктің саябақтарын жаңарту, автобустарды аккредитациядан өткізу, бағыт-бағдар жүйесін жаңғырту;
5. Қажетті азық-түлік тауар өнімдерімен қамтамасыз ету;
6. Денсаулық сақтау (қонақ-үйлерде медициналық пункттерді ашу, жедел-жәрдем қызметінің жұмысын күшейту, 14 медициналық мекемеде елорда тұрғындары мен қонақтарын қабылдауды ұйымдастыру);
7. Өңірлерден келетін делегацияның, әсіресе оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (тамақтандыру, жатын орынмен және көлікпен қамтамасыз ету);
Елорда тұрғындары мен қонақтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге көрме кезінде 5 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Олардың қатарында: еріктілер, құтқарушылар, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, мед. қызметкерлер. Астана әкімі аталмыш көрмені өткізуде атсалысқан барлық қызметтерге алғысын білдірді.
«Барлық қызметтер көрме кезінде тиімді жұмыс істеді, жедел әрекет етті. Көрме кезінде Астана қаласына 5 млн-нан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға көп. Бұл көрме біз сынақ болды. Біз ендігіде қол жеткізген деңгейден төмендемеуіміз керек, қауіпсіздік, жайлылық және қызмет көрсетуде жоғары деңгейді сақтап қалуымыз керек. Астана кез-келген шараны қабылдауға, өткізуге дайын», — деді қала әкімі.
Әкім сондай-ақ қаланың тіршілік қарекетіне байланысты жүйелілік мәселелерді шешу қажеттілігін атап өтті. Исекешевтің сөзіне қарағанда, ағымдағы мәселелердің шешілуі коммуналды қызмет жұмысының реттелген механизмі сияқты өтуі қажет. Олардың ішінде – жылыту маусымына дайындық, қоғамдық көліктің тиімді жұмысы, қаланың жақын әрі шет аумақта орналасқан аудандарын, тұрғын алқаптарын дамыту, сондай-ақ қыс мезгіліне, атап айтқанда қар жинау жұмысына дайындық.
Коммуналды қызметтердің есептеріне сәйкес, елорда алдағы жылыту маусымына дайын. Әлеуметтік нысандардың дайындығы (балабақшалар, мектептер мен ауруханалар, мәдениет мекемелері) – 100 пайызды, тұрғын қорының дайындығы -97 пайызды құрайды. 2360 тұрғын нысанның 2290-ы жылумен қамтамасыз етуге дайын, ол жұмыстың бекітілген кестесіне сәйкес келеді. Жылыту маусымына дейін барлық көпқабатты тұрғын үйлерде жұмыстар аяқталатын болады.
ЖЭС-1 дайындығы – 85,1 пайыз, ЖЭС-2 дайындығы – 74 пайыз. Қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге 1356 шақырым қашықтықта магистраль және 1203 шақырымда реттеуіш желілер бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Осы бөлімді бақылайтын қала әкімінің орынбасарына тұрғын-үйлердің және әлеуметтік нысандардың уақытылы жылумен қамтамасыз етілуі тапсырылды, онымен бірге 1 қазанға дейін энергия нысандарында барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.
Онымен бірге қаланы жылумен қамтамасыз ету мәселесін Әсет Исекешев Астана қаласының ТЖД-не тапсырды, атап айтқанда елорда аумағында жылыту маусымына дайындық барысында өрт қауіпсіздігі бойынша нақты шараларды іске асыруды, әсіресе газ баллондарын қолданатын аумақта өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша шараларды өткізуді міндеттеді.
Жұмыс барысында қала әкімінің шаһарды аралауы қорытындыланды, оның барысында елорданың аудандары абаттандыру, жылыту маусымына дайындық, тұрғын алқаптардың дамуы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
Әсет Исекешев қала тұрғындарымен кері байланысты орнату маңыздылығын атап өтті, қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарға жедел әрекет ету қажеттілігін қамтамасыз етуді тапсырды. Проблемалық мәселелердің ішінде – лифт шаруашылығы, әлеуметтік нысандарға кіреберістердің орнатылмауы, уақытылы тазалықпен қамтамасыз ету, абаттандыру, жарықтандыру, жолдардың құрылысы және т.б. Кемшіліктерді атай келе, қала басшысы аудан әкімдеріне қалалық әкімшілік-бағдарламалар әкімшілерімен бірлесе отырып, №73 және 75 мектептердің кіреберістерін абаттандыруды тапсырды.
Оған қоса Н. Тілендиев, «Саранда» тұрғын кешенінің көпқабатты тұрғын-үйлерін орталық жылытуға қосу мәселесі қарастырылды, онымен бірге «Ильина» тұрғын алқабында инженерлі желілердің құрылысының аяқталуы, Күмісбеков, Жангелдина, Түркістан көшелері бойынша жол төсемдерінің құрылысы, Көктал, Өндіріс және Оңтүстік-шығыс кенттерінде 50 жаңа жолдың салынуы мәселелері талқыға түсіп, қарастырылды.
«Тұрғын алқаптар бойынша тұрғындардан келіп түсетін шағымдар көп. Аудан әкімдері биыл қаланың 50 көшесі бойынша абаттандыруды аяқтауды жоспарлаған болатын, бүгінде олардың 38-і ғана іске асырылып, аяқталған. Қалған 12 көше бойынша абаттандыру жұмыстарын аяқтауды тапсырамын. Жарықтандыруға ерекше көңіл бөлемін. Аудандар әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшыларына тұрғындардың шағым-талаптары брйынша жедел әрекет етуді тапсырамын», — деді Әсет Исекешев.
Пікір жоқ әзірше