Елордада жыл сайынғы халықаралық «Astana Marathon 2017» марафоны өтеді
Шараға әлемге аты танымал Кениядан жүргірушілер келеді деп күтілуде. Айта кетейік, жүгіру 2009 жылдан бастап өткізіледі. Өткен жылы бұл жарысқа 4,5 мыңнан астам адам қатысқан болатын, олардың ішінде. Кәрім Мәсімов, Әділбек Жақсыбеков, Серік Сәпиев, Владимир Винокуров, Людмила Прокашёва сынды атақты қазақстандық саясаткерлер мен спортшылар бар.
Биыл марафон жаңа деңгейде өткізілмек, оған Кениядан жүгірушілер қатыспақ. Саймон Кипругут Кируй (Simon Kiprugut Kirui), Генри Кипсанг (Henry Kipsang) және Чебой Хильда Джепкогей (Cheboi Hildah Jepkogei) сынды атақты спортшылар ұзақ қашықтыққа Астананың көшелерімен жүргіреді. Ұйымдастырушылар шара қарсаңында Халықаралық IAAF-жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен марафонды сертификаттайды.
Жүгірудің ақтық мәресінде Астана және ТМД елдері үшін рекорд орнатылады деп күтілуде. Саймон Кипругут Кируй жаттықтырушы Филипп Кипрононың басшылығымен 2 сағат 10 минутта 42,2 шақырымды бағындырмақ.
Марафон күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жегінің өтуіне байланысты Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен тікелей көрсетіліммен LED-экрандар орнатылады. Ең қысқа қашықтыққа жүгіру – 10 шақырым, қосымша – 21,1 шақырым және 42,2 шақырым.
Марафонның тағы бір ерекшелігі – «Аяла» қорының қатысуымен «Қайырымдылық жылы» санатын енгізу.
Айта кетейік, тіркеуден өткен жылсайынғы марафонның тұрақты қатысушылары үшін (2015, 2016) «Əрқашан Бірге» жазуымен жейделер берілетін болады. 42,2 шақырым, 21,1 шақырым — 18 жас және одан да жоғары, эстафеталық марафон – 10 шақырым – 16 жас және одан да жоғары, сондай-ақ скандинав стилі бойынша жаяу жүру өткізілмек.
Марафонға қатысу үшін www.astana42k.com сайтында онлайн-тіркелімнен өту керек. 42,2 шақырым және 21,1 шақырымға онлайн-өтініштер 11 қыркүйекке дейін және 10 шақырымға өтініштер 14 қыркүйекке дейін қабылданады. Қызығушылық танытқан кез-келген адам 14 қыркүйекке дейін Crossfit Astana клубында және 15 және 16 қыркүйекте сағат 19.00-ге дейін «Astana Marathon EXPO 2017» спорттық жәрмеңкесі кезінде шараға қатысу үшін тіркеле алады.
Аталмыш шара 17 қыркүйекте сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін Т. Рысқұлов пен Түркістан көшелерінің қиылысында өтеді (P4 тұрақ аумағы, «Astana EXPO-2017» көрмесіне қарама-қарсы).
Пікір жоқ әзірше