Елордада нәтижелі жұмыспен қамту жаңа бағдарламасын жүзеге асыру басталды

7 қыркүйек 10:00-нан 13:00 дейін Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Даму» қорымен бірлесіп, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын және бұқаралық кәсіпкерлікті түсіндіру мақсатында ашық есік күнін өткізуде.

Ведомство хабарлағандай, бағдарламаға жұмыссыздармен қатар, өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдар да, сондай-ақ өз ісін енді бастағандар мен кәсіпкерлер қатыса алады.

Аталған бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі жылына небәрі 6% құрайды. Барлық саланы қаржыландыру саудадағы айналымдағы қаржыны толықтырудан бөлек.

Қызығушылық танытқандар мамандардан толыққанды кеңес алып, нәтижелі еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдаулар туралы біле алады.

Шара Тәуелсіздік даңғылы, 3-үй, 32 аудитория, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының 3 қабатында өтеді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше