Ватикан Кардиналы конфессияаралық келісім саябағында ағаш отырғызды
Бейбітшілік және келісім сарайының саябағында тағы бір есімдік ағаш отырғызылды. Ағашты адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон отырғызды.
Жасыл көшеттерді отырғызу бойынша шараны Астана қ. әкімдігінің дін істері басқармасы ұйымдастырып отыр. Ағашты отырғызу ұсынысын қасиетті Престолдың бастамасымен өткен «Барлығымыз бірге ортақ үйімізге қамқор болайық» дінаралық конференция барысында елордалық дін конфессиясының өкілдері жасаған болатын.
— Ағаш өмірдің символы. Ағаш өсетін жерде әрдайым тіршілік бар, өмір сүруге үміт бар. Бұл ағашты Қазақстан Республикасына келуімізге орай отырғыздық. Онымен бірге осы қадам арқылы достық қарым-қатынасты одан сайын нығайтқымыз келетінін көрсеткіміз келді,- деді адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон.
Естеріңізге салайық, 1 қыркүйекте Бейбітшілік және келісім сарайында «Барлығымыз бірге ортақ үйімізге қамқор болайық» дінаралық конференция өткен болатын. Оған бастау болған — халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жеке павильонын ұсынған қасиетті Престол, адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон.
Конференцияға халықаралық және жергілікті дін конфессияларының өкілдері қатысты. Басқосуды Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы, Қазақстандағы дінаралық диалог бойынша Папский кеңесі және Апостолдық нунциатуралар, сонбай-ақ «Renovabis» неміс католиктік қайырымдылық ұйымы қолдады.
Жиын барысында «ортақ үйімізді» қорғау және «жасыл» энергияны дамытуға әлем діндерінің үлес қосуы мәселелері талқыланды. Осыған орай дін көшбасшылары ең күрделі мәселелерді шешу үшін көпвекторлы басқаруды құру бойынша халықаралық және аймақтық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Бүгінде Ватикан Апостолдық нунциатура атынан елде бейбітшілік пен ұлыстар арасында келісім орнатуда Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылады. Биыл Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толады.
Астана қ. әкімдігі дін істері басқармасының өкілдері бұл шара екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихын нығайтуға айтарлықтай үлес қосады дегенге сенеді.
Пікір жоқ әзірше