Елордалық ІІД «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында орын алған жағдайдың мән-жайын түсіндірді

Астана жаңалықтары: Елордалық ІІД «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында орын алған жағдайдың мән-жайын түсіндірдіКеше, 2 қыркүйек кешкі 21.00-де «Абу-Даби Плаза» нысанының құрылыс алаңында болған оқиғаның мән-жайы түсіндірілді.

Белгілі болғандай, құрылыс алаңының бақылау-өткізу пунктінде күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (Үндістан азаматтары) арасында тұрмыстық келіспеушілік туындаған, оның соңы жанжалға ұласқан.

Оқиға орнына мемлекеттік мекемелердің өкілдері жетіп, құқық қорғау органдарының күші жұмылдырылды. Жедел қолданылған шаралардың арқасында оқиға толығымен жойылды.

Төбелес кезінде Үндістанның екі азаматы әртүрлі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілгені белгілі болды.

Алайда бірқатар азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, жағдайды ушықтыруға тырысты. «Есіл» ауданының прокуроры тәртіп бұзу бойынша жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Ескертуге қарамастан азаматтар құқық қорғау органдарының заң талаптарына бағынбай, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырды.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу мақсатында тәртіпке бағынбаған топ, тексеру және жеке басын анықтау үшін «Есіл» ауданының ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Оқыс оқиғаға қатысы бар 8 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Қалған азаматтар түсіндірме жұмыстарынан кейін босатылды.

Қазіргі уақытта елорданың тұрмыс нысандары мен көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте қызмет істеуде.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын шиеленіс пен арандату оқиғаларынан барынша қашқақтау мақсатында артық пікір білдірмеуді, әрі шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұраймыз. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚР ҚК 274 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілкке тартылатынын ескертеміз.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше