«Astana FM On Air» фестивалінде эстрада жұлдыздары тек жанды дауыста өнер көрсетеді
Ерлан Көкеев және «К7» тобы кештің хедлайнері болады, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.
Кешке 4 қыркүйекте амфитеатрда ЭКСПО көрмесі аумағында «Astana FM On Air» фестивалі аясында елорданың үздік әртістері өнер көрсетеді.
Фестивальді «Астана» радиосы ұйымдастыруда.
Танымал орындаушылардың қатарында Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, Ерлан Көкеев және «К7» тобы, Бауыржан Исаев, Маржан Арапбаева, Құрмаш Махан, Дос, «Ағайынды Жүгінісовтер» және т.б. жұлдыздар бар.
«Бұндай ауқымда әрі форматта фестивальді алғаш ұйымдастырып отырмыз. Бұл форумның басты ерекшелігі – әншілер тек жанды дауыста өнер көрсетеді. Ерлан Көкеев және «К7» тобы және Қайрат Баекеновтың «Формат» тобы кештің хедлайнері болады». Әншілер көрме аумағында амфитеатрда қала тұрғындары мен қонақтары үшін өнер көрсетеді», — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне «Астана» радиосының басшысы Кирилл Волков.
«Astana FM On Air» продюсері Сымбат Талғатқызының сөзіне қарағанда, фестивальде 30-ға жуық музыкант өнер көрсетеді.
«Astana FM On Air» фестивалінің тікелей таратылуын «Астана» радиосы сондай-ақ ЭКСПО көрмесінің сайты арқылы естіп, көруге болады.
Пікір жоқ әзірше