«Нұрлы жол»: болашаққа жол
Жуырда «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалы миллионыншы жолаушысын құрметтеді. Бұл елордалық «қақпа» көліктік түйінді анағұрлым босатып, үстіміздегі жылдың мамыр айында ғана есігін айқара ашқан болатын. Сонымен қоса жаңа вокзал дүниежүзілік сәулет байқауына қатысып, Астананың көрікті орындарының біріне айналды.
«Нұрлы жол» вокзалы қазіргі таңда қалай жұмыс істеп жатқаны туралы Астана әкімдігінің медиа-орталығының тілшілері әзірлеген фоторепортаждан оқып, біліңіз.
Алты деңгейлік кешен жүз ымңнан астам шарты метр аумақты алып жатқан нысан. Мұнда жалпы есептегенде 740 орынға шақталған паркингтер бар. Одан әрі перронға шығаберіс орналасқан, сәл жоғарыда – күту залдары. Мейрамханалар мен кафелерге, сонымен қатар вокзал әкімшілігі және қызметкерлеріне арнайы қабаттар бөлінген.
Журналистерге арналған пресс-тур барысында әкімшілік қоғамдық тамақтану нүктелеріндегі бағаларға баса азар аударады. Тілшіледің жаңа нысандағы бағалар соншалықты қымбат емес екеніне көздері жетті. Мысалы, самсаны 25 теңгеге, ал шайды 100 теңгеге сатып алуға болады. Төмен бағаны тамақтану нүктелерінің көптігі және бәсекелестіктің арқасында ұстап қалу мүмкіндігі бар.
Сатушылар журналистермен халық көп келмесе де бағаны көтеруге оларға ұяттары жібермейтінін айтып бөлісті. Нәтижесінде барлығы да жақсы көңілде: қалтасынан қағылмаған клиенттер де тоқ, жақсы табыс табатын сауда иелері де, жолаушылар мен шығарып салушылар тарапынан сөз естімейтін әкімшілікте көңілді.
Азаматтардың жайлылығы мен ыңғайлылығы – біз үшін ең маңызды, дейді вокзал басшылығы. Мүгедектерге ерекше мән берілген. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысы үшін жанасу жолдары, Брайль әліппесін пайдалану арқылы ақпараттық тақта, арнайы касса қарастырылған.
Демалыс бөлмесін де қашанда тынығатын келушілерді кездестіруге болады.
-Вокзал тамаша! Біз адасып адасып кетеміз бе деп қорықтық, өйткені ол жаңа, бейтаныс орын. Сөйтсек, қорқудың қажеті жоқ екен. Бізге бұл жерде барлығын түсіндірді, қай жерде демалуға болатынын шығарып салды, көрсетті. Енді біз пойызды қалай табамыз деп алаңдамаймыз, — Атыраудан елордаға отбасымен емделуге келген зейнеткер Әзиғали Кемелбай.
Вокзал ішінде сілтеме белгілер орнатылған.
Бір сөзбен айтқанда, сілтеме белгілермен тұспалдай алмаса, көмекке әрқашан жарқын жүзді қызметкер келеді. Олардың орта жасы -30-дан жоғары емес. Барлық қызметкерлер қатай іріктеуден өтті. Барлық мамандар жоғары білімді, үш тілді меңгерген. Шағымдар мен ұсыныстар кітабында соңғы жазбалардың пікірі көңіліңді жадыратады. Оны АҚШ азаматшасы жазған. Оған вокзал ішінде бағыттарды көрсетіп, такси шақырып, тіпті қонақ үйге орналасқанын хабарласып білгені үшін барынша көмектескені үшін қазақстандық қызметкерлерге алғысын білдірген.
Вокзалда үзіліссіз жұмысты 1300 қызметкер қамтамасыз етеді. Олар үнемі оқытылып тұрады. Бұл жерде қызметкерлерге де барлық жағдай жасалғанын айта кету керек. Арнайы орында – демалыс бөлмесі, жуыну, демалу кабинеттері.
Жаңа технологиялар – ерекше назарды талап ететін жеке бөлім. Бұл жерде ғаламторға шығу, телефонды тегін қуаттап алумен мәселе жоқ. Алдағы уақытта басшылық вокзалдағы кей кездері желі ұстамайтын нүктелерден арылуды жоспарлап отыр. Бұл сұрақ бойынша операторлармен келісім бар.
Супер заманауи кешеннің тағы бір ерекшелігі, оның шатыры болып табылады. Оның аумағы 42 мың шаршы метрді құрайды. Шатырдан ағатын су тазалаудан өтеді де көгалдарды суғаруға пайдаланылады.
Энергоүнемдеуші эскалаторлар. Егер оларда адам болмаса, олар қозғалысын ақырындатады немесе тоқтайды. Бұл энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.
Болашақта жаңа вокзал арқылы жаңа теміржол көлігі жүретін болады. Осылайша, вокзал өзіндік жолаушы хабқа айналады. Желі қала орталығын, шығыс аумағын, ЭКСПО, Назарбаев университетін және әуежайды байланыстырады.
Текст: Күнсұлу ЖАҢБЫРБАЕВА
Фото: Әділхан ИЛЬЯСОВ
Пікір жоқ әзірше