Smart Astana аясында Астанада 20 жоба жүзеге асырылады

Астана жаңалықтары: Smart Astana аясында Астанада 20 жоба жүзеге асырылады

Сандық технологиялар көлік, медицина, қаланы басқару, экономика және қоршаған орта және басқа да бағыттарда енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

— Мемлекет басшысы бірнеше рет сандық технологияны, жаңа сала — 4.0. индустриясын дамытуды тапсырды. Сандық жүйеге көшкен дәуірде смарт-шешімдерді енгізбеу мүмкін емес. Smart city – бұл жәй ғана сәндік термин емес, жаңа технологиялар мен сандық шешімдерді өмірдің барлық саласында жүзеге асыру жолы, — делінген қалалық инвестициялар және даму басқармасының хабарламасында.

Smart Astana тұжырымдамасы бірінші кезекте тұрғындардың қажеттілігіне бағытталған және қаланың барлық өмір саласын 6 бағыт бойынша қамтиды: ақылды басқару, ақылды қоғам, ақылды өмір салты, ақылды қоршаған орта, ақылды көлік және ақылды экономика.

— Тұжырымдама аясында трансұлттық компаниялармен және өзге де көптеген CISCO, IBM, Autodesk, Hexagon, Mastercard, OrhitecGISnAp секілді халықаралық ұйымдармен байланыс орнатылған. Бүгінгі таңда 20 жоба анықталып, оларды жүзеге асыру басталды. Бұл — ақылды көше жарықтандыру, бейнебақылау, Smart медицина, Smart мектеп, балаларды балабақшаға автоматты түрде анықтау жүйесі, тұрғынның бірыңғай картасы, е-әкімдік, «Smart Astana», е-Билет, Smart tracking, e-KCK, интеллектуалдық, сараптамалық платформа, — делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше