Менің таңдауым – балаларға көмектесу!

Астана жаңалықтары: Менің таңдауым – балаларға көмектесу!

Елордада жылсайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды, ол ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Мектепке даярлық аясында елордалық әкімдіктің басшылығымен қайырымдылық шараларға ерекше көңіл бөлінуде. Осылайша, ағымдағы жылы төменде көрсетілген шараларды өткізу арқылы 6200 балаға көмек көрсету жоспарлануда:

— «Алғашқы рет бірінші сыныпқа» қайырымдылық кеші (бірінші сынып оқушыларына сыйлықтарды тарту);

-«Аялы алақан» акциясы бойынша ірі сауда орталықтарында арнайы жәшіктерді орнату, онда аз қамтылған және көпбалалары отбасыдан шыққан балғындар үшін киім-кешек, мектепке қажетті арнайы құралдар тегін беріледі;

Қала тұрғындарының қолайлығы үшін жаңа оқу жылы қарсаңында Астана әкімдігімен мектеп жәрмеңкелерін өткізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, 26 және 27 тамызда қалалық әкімдік алдындағы алаң алдында мектеп жәрмеңкесі өтеді, онда мектеп формалары және оқуға қажетті канцеляриялық заттар базардың бағаларынан анағұрлым арзан бағамен сатылады.

3 тамызда Оқушылар сарайында әлеуметтік әлжуаз санатындағы 200 балаға «Нұр Отан» партиясы мектепке баратын сөмке мен канцеляриялық тауарларды көмекке берді.

Айта кетейік, 33 көпбалалы отбасы әлеуметтік көмек көрсетудің мемлекеттік органына, сондай-ақ 239 бала Астана қ. дін істері басқармасына тіркелді.

4-18 тамыз аралығында құқықорғау органдарының қызметкерлерімен «Саяжай» және «Балалар түнгі қалада» рейдтерін өткізу жоспарлануда.

Айта кеткен жөн, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Астанада сенім телефондары жұмыс істейді: 55-72-49, 55-01-62, 55-68-70.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше