ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қала тұрғындары мен қонақтары қаламен «тікелей» сөйлесіп, байланыс орната алады

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қала тұрғындары мен қонақтары қаламен «тікелей» сөйлесіп, байланыс орната алады

8 тамызда Астанада «Сәлем, Астана» атты интерактивті қалалық жоба іске қосылатын болады, ол өз алдына қала тұрғындары мен қонақтары үшін қаламен хабарлама арқылы байланып орнатып, сөйлесуге мүмкіндік береді.

«Сәлем, Астана» жобасы Урбанистика және Астана қ. әкімдігінің қолдауымен ЭКСПО-2017 үшін FutureCreativeбритан мәдени бағдарламасы шеңберінде Британ Кеңесімен іске асырылуда. Жоба 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жобаны әзірлеп жатқан мамандардың айтуынша, жобаға Астана қаласындағы кез-келген қала тұрғыны-қонағы қатыса алады. Қаламен «сөйлесуді» бастау үшін FacebookMessenger қосымшасы арқылы SalemAstana2017 (https://www.facebook.com/salemastana2017/) қолданушысына «Сәлем» сөзімен, өзі тұратын көшенің атауы мен үйдің нөмірін қоса көрсетіп, хабарлама жіберу керек. Мәселен, «Сәлем Республика#3».

Одан кейін хабарлама жіберген адамға жауап хат (хабарлама) келеді. Қаламен байланыс орнатуда онымен «сөйлесу» 4-5 сұрақ қою арқылы және оған түрлі тақырыпта жауап алу арқылы өтеді.

Интерактивті «Сәлем, Астана» жобасы қала тұрғындарына өздерінің сүйікті шаһарларымен «сөйлесіп», байланыс орнатуына мүмкіндік береді; кез-келген қала тұрғыны шаһар туралы өзінің пікірімен не болмаса алған әсерімен бөлісе алады, қаланы жаңа тұрғыдан танып, мол ақпарат жинай алады, өзге де адамдардың пікірін біле алады. Жоба қаланың Сарыарқа, Алматы, Есіл сынды 3 ауданын қамтиды.

Айта кетейік, «Сәлем, Астана» жобасы қала тұрғындары арасында, онымен бірге қала тұрғындары мен шаһар арасында байланыс орнату үшін қалалық сәулет пен «ақылды қала» технологиясын қолданатын PlayableCityхалықаралық жобасының негізінде құрылған.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше