Астана-инновациялар қаласы

Астана жаңалықтары: Астана-инновациялар қаласы

Астанада қала мәселелерін шешуге арналған ашық мәліметтер бойынша хакатон өтті.

2017 жылдың 5-6 тамызында Astana Innovations Challenge ауқымды стартап-марафоны аясында ашық мәліметтер (Open Data) негізінде қала міндеттерін жүзеге асыратын жобаларға арналған бірінші хакатон өтті.

Стартап-марафонды Астана қаласы әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ мен MOST бизнес-инкубаторы бірлесіп ұйымдастырды.

Хакатон – ашық мәліметтер негізінде сервистер мен мобильді қосымшалар жасау арқылы қаланың технологиялық мүмкіндігін шешу мүмкіндігі.

Қатысушылар өз жобасымен жұмыс жасау барысында сарапшының қолдауына және нетворкингке арналған алаңға қол жеткізді. Ал үздік үш команда жүлде қоры 500 000 теңгені өзара бөлісті.

Бағдарламалық қамту саласындағы құрастырушылардан дизайнерлерден, маркетологтардан, сарапшылардан құралған команда Астананы одан әрі жақсарту үшін бас қосты.

Іс-шарада құралған командалар 48 сағат ішінде қосымшалар прототипін жасап, өнертапқыштық бағдарламалау машықтары мен мәліметтерді өңдеу бойынша өзара жарысты.

Хакатонның бірінші күні бірқатар ақпараттық және білім беру сессиялары өтті. Оның барысында шақырылған сарапшылар ашық мәліметтермен қалай жұмыс істеу керектігін айтып берді. Менторлар мен қазылар ретінде тәжірибелі кәсіпкерлер, сарапшылар мен мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.

Ашық мәліметтердің басты мәні (open data) – билік органдары жұмысының ашықтығын арттыру, тәуелсіз құрастырушыларға қосымшалар мен сервистер жасауға жаңа мүмкіндіктер жасау, қаланы өз күштерімен жақсартуға жол ашу.
Бөлісу:

1 пікір