Астанада «Елорда мәдениеті» бағдарламасы қабылданады
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев елордалық театрлардың директорларымен және көркемдік басшылармен кездесті.
Кездесу кезінде елордадағы театрлардың ағымдағы жағдайы, репертуарлық саясат, олардың материалды-техникалық базасына қатысты мәселелер, елордалық жетекші театрлардың танымалдық деңгейі жөнінде мәселелер талқыланды.
Мемлекеттік көркемдік кеңесті құру жөнінде идея көтерілді, жиында репертуарлық жоспар, театр өнерінің даму үрдісі талқыланып, бақылауға алынатын болады.
«Осыған байланысты, Астана әкімі А. Исекешевтің тапсырмасы бойынша алдағы уақытта «Елорда мәдениеті» бағдарламасын қабылдау қажет. Онда елордамызда театр өнерінің даму бағдарламасы, шаһардың мәдени брендін әрі қарай насихаттау, жаңа тенденциялар, қазақстандық режиссерлер, драматургтер мен сценографтардың шығармашылық әлеуетін барынша пайдалануымыз қажет», — деді Ермек Аманшаев.
Сондай-ақ әкімнің орынбасары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында шығармашылық жобаларды іске асыру маңыздылығын ерекше атап өтті.
Ермек Аманшаев елорданың 20 жылдығы туралы да мәселені көтерді. Елбасы заманауи қазақстандық қоғамды дамытуға, елорданы гүлдендіріп әрі қарай өркендеуіне өз үлесін қосатын біздің замандастардың образын құру маңыздылығын әрдайым тілге тиек етеді. Осы орайда халық арасында патриоттық рухты, құндылықтарды көтеретін қазіргі заманның батырлары елорданың мәдени ошағына енуі тиіс, деді Ермек Аманшаев.
Театр басшылары өзекті мәселелер жөнінде, елордалық театрлардың мәселелері мен халықаралық және республикалық театр фестивальдерінде ұжымдардың жетістіктері туралы сөз қозғады.
Қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұруға уағдаласты.

Пікір жоқ әзірше