Тамыз соңында астаналық тұрғындарды е-ПИК жобасы біріктіреді
Жоба кондиминиум жұмыс сапасын арттыруға, оның қызметінің ашық болуына, кері байланыс орнатуға, қала бойынша ПИК рейтингісін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлады елордалық әкімдік медиа орталық тілшісіне «Aстана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Дүбірова.
Оның сөзінше, ақпараттық жүйе ПИК-тің тұрғындармен байланысын автоматтандырады және жеңілдетеді. Жоба үшін бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын қазақстандық компаниялардың үздік шешімдері таңдап алынды.
— Қазір Астананың үш ауданында мобильді қосымшаны енгізу қарқынды жүргізіліп жатыр. Бес қызмет көрсетуші компаниялар арасында 436 елорда ПИК-і тең бөлінген. Жоба аясында 150 ПИК ақпараттық жүйеге қосылған,- деді Ж.Дүбірова.
Мобильді қосымша әртүрлі функцияларды атқарады: өтініш беру, тұрғынның ПИК-ке өтінішін тіркеу.
— Енді басқарушы компанияға хабарласудың қажеті жоқ. Бар болғаны қай уақытта қандай қызмет түрін алғыңыз келетіні туралы хабарлама жіберсеңіз жеткілікті, — деп атап өтті Ж.Дүбірова.
Жаңа жүйе арқылы тұрғындар ПИК-тің қаржылық қызметінің есебін бақылай алады, бірыңғай есеп айырысу орталығына төлем жасау мүмкіндігі болады.
— Өз кезегінде ПИК тұрғындарды өткізілетін шаралар туралы ақпараттандыра алады, сауалнама мен онлайн-тәртіпте пәтер меншік иелері дауыс беру жүргізе алады, — деп жалғастырды Ж.Дүбірова.
Мобильді қосымшаның маңызды функциясы — өтінішті қарау сапасын бес балл шкаласы бойынша бағалау болады.
Желтоқсанда елордалық кондоминиумдар рейтингісі Smart Astana порталында жарияланады.
Пікір жоқ әзірше