Астаналық бозбалаларға жазда жұмыс тауып беруге көмектеседі

Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында прокуратура, жергілікті полиция өкілдері мен жұмыс берушілердің қатысуымен оқушыларды жұмыспен қамту бойынша кездесу өтті.

Астана қаласы ІІДжергілікті полициясының ювеналдық полициясы жыл сайын құқық бұзушылық әрекет жасаған кәмелет жасқа толмағандарды оңалту аясында оларды жұмысқа орналастыру және жаз мезгілінде бос уақыттарын ұйымдастыру шараларын өткізеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар, жастар мәселелері жөніндегі, білім басқармалары және елорда прокуратурасы тікелей және белсенді түрде қатысады.

Орталыққа жұмыс іздеп 16 мен 18 жас аралығындағы 10 бозбала келген.

«Скиф Трейд» ЖШС, «Magnumcash&carry», «Крепеж Маркет» ЖШС оларға бөлшектеуші, сатушы, жүк тиеуші, кассир және сауда өкілі жұмыстарын ұсынды.

— Біздің кездесуіміздің негізгі мақсаты –жұмысқа орналасуға көмектесу, өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату, балаларға қиын жағдайда көмек көрсету, — деді тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы директорының әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі Арнұр Искаков.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше