Астана әкімдігі азық-түлік өнімдерінің бағасын тексеруде

Астанада азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны реттеу бойынша күн сайын тексеру жүргізілуде.

Атап айтқанда, қала билігі «Астықжан», «Магнум» және «Шапағат» базарлары сияқты қаланың сауда орталықтарында бағаны тұрақтандыру бойынша бақылау жүргізуде.

Статистикаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бағасы ай басынан 98,4 пайызды құрайды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында мамыр айынан бастап 30-дан астам өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, 11660 т өнім іске асырылды. Салыстырып алғанда 2016 жылы 12 мың т өнім іске асырылды, олардың 3660 тоннасы тек көкөніс өнімдері, олардың ішінде: картоп шамамен — 800 т, орташа бағасы — 110 тг/кг (Астана қ. бойынша орташа баға 160 тг/кг), қырыққабат 900 тг/кг (орташа баға – 109 тг/кг), пияз – 120 тг/кг (орташа баға 154 тг/кг), сәбіз – 150 тг/кг (орташа баға 140 тг/кг). 5-6 тамызда Атырау және Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Ірі отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар аясында сиыр етінің сатып алу бағасы бекітілді (1300 тг/кг), сатылымға сүйексіз жұмсақ еттің 1 келісі 1350 теңгеден шығарылады.

«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО-на жалпы көлемі 300 млн теңге (әрқайсысына 150 млн теңгеден) сомасында несие берді. Қазір бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түлік өнімінің 49 түріне өздерінің бағасын бекітті. Атап айтқанда: тауыр еті, сүт өнімдері, гастрономия, сусындар, жартылай фабрикаттар, сұйық май, нан және тоқаш өнімдері және т.б.

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тексеру жүргізілуде. Қанттың бағасы 260 тг/кг болып бекітілген.

«Астықжан», «Кеңмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», «А2» желісі, «Встреча», «Алма» супермаркеті, «5 минут» сауда жүйесі секілді 33 сауда нысанында азық-түлік өнімдері іске асырылады.
Бөлісу:

1 пікір