Қазақстандық оқушылар Астанада идея арқылы табыс таба бастайды
Елордада «Оқушылар арасында инновациялық жобалардың ұлттық олипиадасы» басталды. 2017 жылдың 26 шілдесінен 15 қазанына дейін 6-11 сынып оқушылары байқауға қатыса алады.
Бұл туралы журналистерге «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев мәлім етті.
-Біздің оқушыларымыздың құндылықтары әртүрлі. Көбісі мектептен кейін жоғары оқу орнына түсіп, мамандық алып, кейін жұмыс істегісі келеді. Жаңа бір нәрсені ойлап табу дегенді екінің бірі ойлай бермейді. Сол тұрғыда біз жаңашылдықты құруды көздейтін жастарды дамытуымыз керек. Басқа олимпиадаларға қарағанда біздің олардан ерекшелігіміз: қазақстандық байқаулардың көбісі тек мапараттаумен бітеді. Диплом алып, оны қабырғаға ілесің – осымен болды дегендей. Біз болсақ іріктеу қорытындысы бойынша ең үздік 10 жобаны аламыз да 15 қарашадан бастап оны іске асыра бастаймыз. Оқушылар өз тәжірибесінде мықты идея болса, оны іске асыруға болатынына көз жеткізуі тиіс, әрі қарай бизнес құруға болады дегенге сенуі керек. Бұл еліміз үшін пайдалы іс, — деді Манкеев.
Байқау 4 бағыт бойынша өтеді: IT-технологиялар, «жасыл энергетика», «тұрмыста» (идеялар мен күнделікті өмірде қажет болатын заттар, туындылар).
10 қазақстандық сарапшы мен танымал бизнесмендер ең үздік жобаларға қолдау көрсетеді. Олардың ішінде: ВТБ Капитал 12BF бас директоры Әділ Нұрғожин және TheSummerStartupSchool.com мектебінің негізін қалаушы Арман Сүлейменов.
Арман Сүлейменовтің сөзіне қарағанда, балалар байқауға қатысу арқылы өздерінің арман-мақсаттарына жетуде алға қадам басады, жұмсалған күш-жігер міндетті түрде ақталады.
-Үш жыл қатарынан біз жазғы мектеп үшін бағдарламалау машықтары бар адамдарды іздестіріп, табамыз және олардың деңгейін жоғарылатамыз, яғни мобильді әзірлеуші деңгейіне дейін жеткіземіз. Жыл сайын біз 1000-нан астам өтініш қабылдап, олардың ішінен 130 адамды іріктеп аламыз. Оларды 600 жұмыс сағаты күтіп тұрады: идея құрудан бастап оны қалай жүзеге асыру қажет, идеяның жүзеге асырылу тетіктері, сыры сынды сарында тәрбиелейміз. Бұл олимпиада өз жобасын жүзеге асырып, өз кәсібін ашуда таптырмас мүмкіндік. Өтініш толтыруға 15 ақ минут кетеді. Дегенмен нәтиже соған тұрарлық. Алға қадам жасаудан қорықпау керек, — деді ол.
Оқушылар арасында инновациялық жобалардың Ұлттық олимпиадасының жобасына өтініштерді қабылдау 15 қазанға дейін жалғасады. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалыс сайтында байқауға қатысу үшін өтініш беріп, тіркелуге болады.
Пікір жоқ әзірше