Бәсі биік бәйге жарысы

Ежелден көшпенділердің өмірі жылқымен тығыз байланысты болған.
Біздің ата-бабаларымыз үшін ұрыс даласында ең сенімді серігі һәм көлігі, қиын
кезеңдерде күн көріс көзі болған. Сондықтан жылқы көптеген ұлттық ойындардың бөлінбес құрамы, оның ішінде бәйге десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ.

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Бүгінде спорттың бұл түрін кейбіреулер ең қатыгез ойын деп санайды. Себебі жылқылар жазықсыз жарақат алып немесе өліп жатады. Алайда тұрғындар арасында ең қызықты әрі белгілі спорт болып қала береді. Астана қаласы әкімдігінің медиа орталық тілшісі күні кеше Қазақстан Президентінің Кубогына бәйге жарысын тамашалау үшін ипподромға барып, қазіргі заманауи бәйгедегі өзгерістерді көріп қайтты.

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Бәйге – көптеген түркі елдердің ұлттық спорт түрі болып табылады. Ол көшпенділерде ең қастерлі қанға сіңген қызығушылық деуге болады.          

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Бұрындары ат жарыстары ұзақ шақырымдарда (тіпті кейде 50 шақырым) өтсе, бүгінде бәйгені өткізуде бірқатар өзгерістер енгізілген. Мысалы, сәйгүліктерді 21 шақырымнан 31-ге дейін жарыстыруға рұқсат беріледі.  Оның себебі, бұл спорт түрі шабандоздардың емес, жылқылардың жарақат алу қаупі зор болуымен байланысты.

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Биыл бәйгеден Қазақстан Президентінің Кубогы елорданың «Қазанат» ипподромында өтті. Шабандоздар жорға жарыс, құнан және бәйге, аламан бәйге бойынша сайысты. Соңғысы қашықтығы (21 км) бойынша ең ұзақ әрі қиын болып есептеледі. Міне, осы жарыста тұлпардың шыдамдылығы мен күші сынға түседі.

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Айта кетейік, көптеген араб және таза ағылшын тұқымды аттар мұндай ұзақ қашықтықққа шыдамайды. Сондықтан шабандоздар жергілікті жылқылардың тұқымына аса мән береді. Көнекөз қариялар кезінде қазақтың жылқылары 100 шақырымға дейінгі қашақтыққа шыдас бергендерін айтады. Алайда мәреге тек бірнешеуі ғана жетеді екен. 

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Бәйгенің ережесі бойынша шабандоз ретінде балалар немесе бозбалалар жайдақ және барынша жылдамдықпен қатыса алады. Шабандоздық әдіс-тәсілдері мен тұлпардың табиғи мүмкіндіктері, бәйгеге дайындығы үлкен рөл ойнайды. Жеңімпаздар халықтың ықыласына бөленіп, құрметке ие болады және ақшалай бағалы сыйлық беріледі.  

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Биыл жарыс жеңімпаздарына берілетін жүлде қоры қомақты болды. 51 млн. теңге бірінші келген 5 шабандоз арасында үлестірілді. Аламан бәйгеде 13 миллион теңге, құнан бәйгеде 7 миллион теңге және ең жылдам қашықтықта — жорға жарыста үш миллион теңге
жүлдеге тігілді. 

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Ақшалай сыйлықтан бөлек, жеңімпаздарға Атырау облысының әкімдігі мен ұйымдастыру комитетінің арнайы сыйлығы табысталды.
Биылғы бәйге Астанада Атырау облысының күндері аясындағы соңғы шара болды. Кештің
көркін «Номад» театрландырылған қойылымы кіргізді. Онда каскадерлер өнер
көрсетті.

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан әр қашықтық бойынша елуге жуық шабандоз қатысты. Үздіктер ақтық мәрені бірінші кесіп өтуге барынша ұмтылды. 

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Жарыстарды тамашалауға келгендерге жамбы ату, қыз қуу, палуандардың күресі және ипподромда өтетін қызықты ойындардан көрініс көрсетілді. 

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Ең шыдамды әрі жылдам тұлпар атағын «Тасқын» атты сәйгүлік жеңіп алды.
Бұл қазанат 2014 жылдан бері жарыстарға қатысып жүр және көптеген жүлделі
орындар мен жүлделерді иеленген. 

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Үздік шабандоз алматылық Дияс Жұмаш атанды. Бәйгедегі өз жеңісін ол өз отбасына арнады. 

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

 Құнан бәйге жарысында (7 шақырым) Ділмұхамет Жолаушы бірінші келді. Ол 7 млн.теңгені қанжығасына салды. Жорға бәйгеде (5 шақырым) Айхан Төлегенов үздік болды. Оған 3 млн.теңгенің сертификаты табысталды. 

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы

Айта кету керек, жүлде қоры демеушілердің қаржысынан жиналды. 

Астана жаңалықтары: Бәсі биік бәйге жарысы
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше