Елордалық кәсіпкерлердің өнім өндіру көлемі 55,8%-ға өсті

Астана жаңалықтары: Елордалық кәсіпкерлердің өнім өндіру көлемі 55,8%-ға өсті

Астана қаласының әкімдігі 2017 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысын шығарды.

Экономиканың барлық негізгі салаларында оң динамика байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,3 %-ға өсті, оның ішінде машина құрылысы – 85,7%, металлургия – 78,9% артты.

Жыл басынан бері қала экономикасына 358,6 млрд.теңге инвестиция тартылды бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,3% ұлғайған.
Астанада 1,5 млн.ш.м пайдалануға берілген, бұл 2016 жылдың деңгейінен 33 % артық. Жалпы республикалық тұрғын үй құрылысы құрылымында елорда үлесі 27,3%. Шағын және орта бизнес саласында да айтарлықтай өсім байқалады. Жеке кәсіпкерлік өнімін өндіру көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 55,8% өскен. Бүгінде осы салада 297,6 мың адам еңбек етеді.

ШОБ субъектілерінің берген статистикасы бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 797,6 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 55,8% артық.

Аймақтар арасында астаналық кәсіпкерлер ең тиімді саналады. Мәселен, ШОБ-та еңбек ететін бір адамға өнім өндіру көлемі 2,7 млн.теңгені құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 2 есе артық.

Қазір елорданың жұмыспен қамтылған адамдарының 61%-ы бұл салада еңбек етеді. ЭКСПО-2017 көрмесіне өткізуге дайындық кезінде ШОБ саласында 7708 жұмыс орны ашылды. Бөлшек сауда көлемі 10,1% өсті және 481 млрд.теңгені құрады.

Астана еңбек нарығында 9325 жаңа жұмыс орны құрылды, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға төмендеді. Бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Экономиканың нақты секторының дамуы арқасында жергілікті бюджет түсімі 16,2% көбейді және 119,7 млрд.теңгені құрады.

Жыл соңына дейін барлық дамудың мақсатты индикаторлары орындалады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше