Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Астана жаңалықтары: Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Қала күні мерекесіне орай «Хан-Шатыр» ОСО аумағында этномәдени кешен пайда болды, деп хабарланды Астана қ. медиа орталық тілшісіне бұқаралық шаралардың режиссері Гүлжан Әбдібаева.

Этнокешен ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

«Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары еліміздің бай тарихымен және ерекшеліктерімен таныса алады», — дейді Г. Әбдібаева.

Қалашықта көшпенділердің мәдениеті мен тұрмысына, салт-дәстүріне арналған заттық айғақтар бар. Кешеннің ішінде қолөнершілер жәрмеңкесі, қазақтың киіз үйі, шатырлар мен ұлттық асхана мейрамханасы бар.

«Сарыарқа» ауданының тұрғындарын біріктірген «Шаңырақ» ансамблі қазақ халқының «Тұсау кесу», «Қыз ұзату» сынды дәстүрі мен салтынан сыр шертеді.

«Біз көшпенділердің бай тарихын көрсеткіміз келді. Көшпенділердің тарихынан сыр шертетін байырғы жоралғылар мен өлеңдер, қызықты дәстүрлер біздің кезімізге дейін сақталған», — деді Г. Әбдібаева.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше