Астанада караокемен ән айтудан Қазақстан чемпионы анықталады

Бүгін «Бәрі ән айтады!» жобасы ақтық мәреге жетеді, деп хабарланды әкімдіктің медиа-орталығынан.

Музыкалық шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар» сарайы ұйымдастырды, деп хабарлады «Жастар» сарайы директорының орынбасары Светлана Ракишева медиа орталық тілшісіне.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен жасы 18-ден асқан дарынды жастар қатысты. Қатысушылар 3 топқа бөлінді, соған орай әр топтың өз жеңімпазы болады. Олардың барлығы «Караоке-2017 чемпионы» атағын алып, ақшалай сыйлықтарға ие болады, сондай-ақ байқаудың ең үздік әншісі Астана қаласы әкімдігінің Кубогін иеленеді.

«Караокемен ән айтудан байқауға қатысу үшін іріктеуден өту қажет. Іріктеуге келген 200 адамның 78-і өтті»,- деді С.Ракишева.

Іріктеу кезеңдерінде қатысушылар «Ретро», «Мультфильм әндерінен үзінді» аталымдары бойынша әндерді орындады.

«Жоғары балл алған қатысушылар финалға өтіп, әлемдік хиттерді орындайды. Байқаудың жеңімпазы ең басты жүлде – Астана қаласы әкімінің Кубогін иеленеді», — деді С.Ракишева.

Музыкалық жобаның қазылар алқасында «Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовников, «Голос» жобасының қатысушысы Арчи Пурцеладзе, Астана мемлекеттік филармониясының солисті Татьяна Хасьянова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахметжан Шамұратов, дизайнер Қайролла Әбішев төрелік етті.

Финал жеңімпаздарының есімі бүгін кешке анықталып, «Жастар» сарайының алаңында айтылады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше