Елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

МӘМС қорының рейтингі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру бойынша Астана 4-ші орында.

Бүгінгі таңда 875 638 ересек тұрғындардың 118 325-і ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен қамтылған (13,5%).

Бұдан бөлек, Астанада жыл басынан бері алты мыңнан астам кездесу өткізілген. Қалалық жұмыспен қамту басқармасының қолдауымен елорда кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылған және зейнеткерлік жарна төлемейтін тұлғалар ақпараттандырылған. Олардың барлығы МӘМС бойынша түсіндірме жұмысымен қамтылған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қаланың алып кәсіпорындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша «Қазақстанның 500 ірі кәсіпорындары» акциясын ұйымдастыруда. Жақын арада Астана қаласының 76 ірі кәсіпорнында акцияны өткізу жоспарлануда.

Елорданың медициналық мекемелері «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында МӘМС бойынша өткізілетін ақпараттандыру шараларына қатысады.

Сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындарда: базарларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, т.б жерлерде жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек, подъездерде жабыстыру үшін парақшалар басып шығару дайындалған. БАҚ-да 358 мақала жарияланды. 69 қоғамдық орында аудио-видеороликтер ротациясы жүргізілді. Таратылған баспа өнімінің көлемі 47 мың дананы құрады.

Астана жаңалықтары: Елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше