2017 жылы Астанада 12 нысан жекешелендіріледі

Астана жаңалықтары: 2017 жылы Астанада 12 нысан жекешелендіріледі

2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы елордада 12 заңды тұлға жекелешелендіруге жатады.

Бүгінде 3 заңды тұлға бойынша белгіленген тәртіпте бағаны төмендетуге бағытталған сауданың екінші кезеңі басталды. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша «Астана-Тазарту» ЖШС (65 933 542 теңгеге сатылым) және «Астана Миллентум KZ» ЖШС (34 245 358 теңгеге сатылым) нысандары бойынша өз бағасынан баға құны 49%-ға төмендеді.

«Ақмола-Диірмен» ЖШС бойынша қатысушылардың болмауына байланысты сауда жүргізілген жоқ. Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің қатысуымен өткен Астана қаласы мемлекеттік коммуналды мүлікті жекелешелендіру мәселелері жөнінде комиссия отырысының қорытындысы бойынша 6 заңды тұлғаға қатысты шешім қабылданды. Осылайша «Көркем — құйма комбинаты» МКК және «Стоматология» УКЦ" ЖШС тендер арқылы сатылатын болды. «Астана қалалық жарық» ЖШС нысаны бойынша 1,6 млрд теңге несие қарызы бар.

Осыған байланысты Энергетика басқармасы 5 шілдеге дейін аталмыш серіктестікті сату жолын қарастырып, ұсыныс жасайды. «Опера және балет театры» ЖШС "Өркен қала" ЖШС-не қосылу арқылы қайта құрылады. Ал «Астана құрылысы мониторингі» ЖШС нысаны «Астанақаласәулет» ЖШС-мен біріктіріледі.

«Астана» спорттың ойын түрлері клубі" МҚКК-не қатысты қалған активтерді шығару нұсқасы ұсынылды. Қалған «Астана Өрнек» ЖШС, «Астана эко полигон» ЖШС мен «Арман» сауықтыру спорт лагері" МҚКК сынды 3 нысан бағалану үстінде.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше