Астаналық құтқарушылар ЭКСПО-2017 қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызу жұмыс жүргізуде

Астана қаласының ТЖ департаментінің мамандары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы елдер павильоны мен 70 қоғамдық тамақтану орнында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша бақылып шығып, нұсқама берді.

Құтқарушылар төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған жаднамалар таратты. Онда өрт кезінде, түтіннен уланғанда қалай әрекет ету керектігі жазылған. Термикалық күйік шалғанда көмек көрсету, өрт сөндіру құралын дұрыс пайдалана білу бойынша бар нұсқаулық көрсетілген және жедел қызмет нөмірлері бар.

— Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақ болу қажет, жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтап, күдік тудыратын қараусыз қалған қораптар мен пакеттер және басқа да заттарды көрген бойда 112 құтқару нөміріне хабарласу керек, — дейді департамент мамандары.

Астана қаласы ТЖД міндеті – ЭКСПО-2017 кезінде сапалы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар туындағанда уақытылы жедел әрекет ету. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық нысандарында өрт қауіпсіздігін тұрақты қадағалау үшін өзге аймақтардан келген инженерлік-инспекторлық құрам ішінен жауаптылар бекітілген.

Департаменттің барлық қызметкерлері көрме аяқталғанша күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше