Астана мектептерінің басшылығы мектеп формасын бір ғана тауарөндірушіден алуды мәжбүрлеуге құқығы жоқ


Бірыңғай мектеп формасын базардан да сатып алуға болады, бірақ киім классикалық стильге сәйкес, қара көк түсті болуы керек, деп хабарланды әкімдікдің медиа орталығынан.

Астана оқушыларының қара көк түсті бірыңғай формаға көшеуі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Биылғы оқу жылында тек бірінші сынып оқушыларына ғана сабаққа пиджак пен шалбар киюге рұқсат етіледі, — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне қалалық білім басқарамасының жетекшісі Ануар Жанғозин.

«Бірінші сынып оқушылары үшін қара көк түсті форма сатып алынуда. Қалған сынып оқушыларына бұндай форма қолда бар мектеп формасы киюге жарамай қалған кезде сатып алынатын болады. Осылайша бір түстес мектеп формасын енгізу кезең кезеңмен іске асырылады», — деді А. Жанғозин.

Ұлдар үшін мектеп формасы қара көк түсті пиджак, көкірекше, шалбар, тоқылған көкірекше және ақ түсті жейдеден құралады. Қыс мезгілінде ақ жейденің орнына водолазка киюге болады. Дегенмен биыл ата-аналардың шағымы мен сұраулары ескерілді, ендігіде киімнің барлық жиынтығын сатып алу міндетті емес. Ең негізгі болып ақ жейде, көкірекше мен шалбар белгіленді. Қыздар үшін ең негізгісі болып – сарафан және жейде, көкірекше және белдемше немесе көкірекше, жейде және шалбар белгіленді. Білім басқармасы атап өткендей, мектеп басшылығы мектеп формасын бір ғана тауарөндірушіден алуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

«Ата-аналар қазіргі кезде дүкендерде мектеп формасының көптеген түрі бар екендігін алға тартуда. Мүмкін біреуінің мектеп формасын дүкеннен сатып алуға шамасы жоқ шығар, олар ендігіде мектеп киімін базардан да сатып ала алады. Сәйкесінше, қазір мектеп формасын сатып алуда ешкімге шектеу қойылмайды. Форманы кез-келген жерден сатып алуыңызға болады, тек түсі мен стиліне мән берсеңіз болды», — деді Жанғозин.

«Мектеп формасын тек бір тауарөндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген жағдайға тап болсаңыз, Білім басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз»,- деп атап өтті ол.

Жаңа мектеп формасы бойынша сұрақтартарыңыз болса келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз: 55-68-53, 55-74-67.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше