Есілді кім ластайды?
Соңғы апта ішінде Есіл арнасы мен Астана аумағындағы оның құятын бөлігінен 10 тонна қоқыс жиналған. Бір айта кетерлігі, судың ластануына тұрғындар өздері атсалысады, жағада қалдықтарды тастап кетеді.
Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің жағаларын тазалау- кешенді ауқымды жұмыс. Бұл қоршаған ортаны қорғап, сақтап, табиғаттың, су экожүйесінің тазаруына мүмкіндік жасайды. Үш өзенді абаттандыру шаралары жағалауларды және су айдындарын қамтиды.
Жыл сайын қалалық үш өзеннен «Астана-Есіл» МКҚМ балдырларды, шабылған шөптерді, қамыс және тұрмыстық қалдықтарды жинайды.
Балдырлар – барлық су қоймалары, өзендер мен көлдердің мәселесі. Ыстық күндері балдырлар су бетін жабады, Толқын оларды жағаға шығарып тастайды. Жұмысшылар балдырларды қаптарға жинайды.
Балдырларды тырмалармен алу мүмкін болмайтын жерлерге жұмыскерлер қайықпен жүзіп барып айдындарды тазартады. Есілдің бір жерін күнде бірнеше рет жинайды. Өйткені түн ішінде су шөбі толқынмен жағаға жетеді.
-Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері үнемі тазартылып тұрады. Ауа қысымының жоғары болуы балдырлардың көптеп өсуіне жағдай жасайды да су айдынының бетін жауып тастайды, — дейді «Астана Есіл» МКҚМ өкілі Мұхит Бақбергенұлы.
Кәсіпорынның жұмысшылары таңның атысынан батысына дейін еңбектенеді. Ылдиларды тазалау күнделікті жүргізіледі. Қамыстар мен шөптерді шабады да, қаптарға жинайды.
Үш өзенді абаттандыру бойынша шара жағалаулар мен су айдындарында жүргізіледі. «Астана Есіл» кәсіпорны мамандарының айтуынша, қала өзендерін тұрғындардың өздері ластайды. Су қоймаларының экологиялық жағдайын бұзып, қалдықтарды суға лақтырып, жағымсыз көрініс қалыптастырады.
-Үшөзен мен жағалау аумағын күнделікті біздің жұмыскерлеріміз тазалайды. Есіл өзенінің қалалық жағалауында өте көп қалдықтар жиналады. Бірақ барлық жерде қоқыс жәшіктері тұр. Бейнебақылау камералары орнатылған. Жұмысшылар бос шишалар, темекі тұқылдарын, пакеттерді тергенде бір қап жиналады. Соңғы апта ішінде Есіл, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендерінен 10 тонна қалдық жиналған, — дейді М.Бақбергенұлы
Кәсіпорын жұмысшылары қала тұрғындары мен қонақтарына Есіл өзеніне ұқыпты қарауға шақырады. Себебі ол тек қаланың ғана көркі емес, елорданың барлық экожүйесінің бөлігі.
-Егер қала су қоймаларын ластайтын адамдар өз жауапкершілігін сезінбесе, жұмыскерлердің ауыр еңбегі зая кетеді, — деп түйіндеді М. Бақбергенұлы.
Пікір жоқ әзірше