Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтуде
«Дәулет» астаналық спорт кешенінде көркем гимнастика бойынша Азия чемпионатының ашылуы өтті.
Қазақстанның сеньорлары арасында Рио-2016 Олимпиада ойынының қатысушысы Сабина Әшірбаева, Алина Әділханова (Оңтүстік-Қазақстан облысы), Анна Афуксениди (Алматы), Селина Жұматаева (Астана) сынды споршылар өнер көрсетті.
Топтық бағдарламада Қазақстанның атынан көркем гимнастика бойынша астаналық арулар Регина Сұлтанова, Даяна Жақыпова, Әнел Талғатбек, Камила Көптілеу, Аружан Қазбекова, Динара Ерғалиева алаңға шықты.
Сеньорлар арасында Әділ Тілекенов, Роза Әдірбекова және Даяна Жақыпова жеке бағдарламада өнерлерін паш етеді. Топтық бағдарламада Сағина Мұратқызы, Айза Рустамқызы, Дария Шарафиденова, Дильназ Мұсабекова, Райана Сүлеймен және Рената Жолдынова сынға түсті.
Жарысқа Азия өңірінен 14 елдің 150-ден астам мықты споршысы қатысуда. Бұл орайда 54 медаль сарапқа салынуда. Жеке бағдарламада 72 споршы өзара сынға түсетін болса, топтық бағдарламада 15 команда бақталасады. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанның құрамасы жеке бағдарлама бойынша бірінші орында. Онымен бірге бұл спорт түрінің Жасөспірімдер арасындағы топтық бағдарламасында еліміз 4 орында келеді.
Атамыш чемпионат жыл сайын Азия мемлекеттерінің алаңдарында өткізіледі. Айта кетейік, Қазақстанда бұл жарыс түрі төртінші рет өткізілді.
Пікір жоқ әзірше