Астана күніне арналған «Еңселі елім, байтағым!» жастар байқауы өтеді

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Астана күніне орай «Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастарының арасында рухани байқау өткізеді.Байқауға 16-30 жас аралығындағы азаматтар, шығармашылық топтар қатыса алады.

Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік поэзия», «Үздік блог-пост», «Үздік дизайнерлік жұмыс» (сәулет, сурет, композиция), «Үздік қолөнер бұйымдары» (әшекей бұйымдар, кәдесыйлар), «Үздік интернет канал» (арнайы түсірілген бейне материалдар),«Үздік мақала».

Аталған байқауға ұсынылатын материалдар 2017 жылғы 27 (қоса есептегенде) маусымға дейін қабылданады.Сарапшылар тобы 28-30 маусым аралығында жұмыстарды іріктеп, бағалайды және үздіктерді анықтайды.

Жұмыстар www.BaikauTDB@mai.ru электронды мекенжайына жолдану қажет.

Номинация шарттары жайлы мәліметтермен www.astanafm.kz cайты арқылы танысуға болады.

Марапаттау кеші арнайы фуршеттік ортада, қонақтар мен қатысушылардың коммуникативтік формат ұстануына негізделеді. Сондай-ақ, шағын концерттік бағдарлама және әр номинация бойынша үміткерлердің жұмыстары, еңбектері жайлы әзірленген бейнесюжеттер көрсетілетін болады. Қызығушылық білдірген БАҚ өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырады.

«Еңселі елім, байтағым» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 3 шілде, 16:00-де «Тілеп» қобыз сарайында өтеді. (Керей, Жәнібек хандар к-сі, 18)
Бөлісу:

1 пікір