Астанада үздік мемлекет қызметкерлері марапатталды
Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мұрындық болуымен Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті.
Мерекелік шарада «Қазақстан Республикасы үздік мемлекеттік қызметкері» республикалық конкурсына белсенді түрде қатысып және еліміздің тұрақты дамуы мен мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосып жүрген үлесі үшін бірқатар мемлекеттік органдар қызметшілеріне Агенттік төрағасының марапаттаулары табыс етілді.
Мрапатталғандар ішінде Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов, Есіл ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Русланбек Койбаков, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы Самал Күлбатырова, сондай-ақ Агенттіктің Алғыс хатымен Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Динара Омарова, Астана қаласының Энергетика басқармасының бөлім басшысы Мақсат Есмағұлов, Астана қаласының Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев марапатталды.
Атап өтейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы №716 Қаулысымен 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні болып бекітілді.
Сонымен қатар Агенттіктің Астана қаласындағы департаментінің Алғыс хаттарымен Астана қаласы әкімдігінің өкілдерінен бөлек, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың 34 қызметкері марапатталды.
Осылайша ведомство мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыруды көздейді. Бұл осы сала қызметкерлерінің рөлін жоғарылататыны сөзсіз.
Пікір жоқ әзірше