Астанада Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы талқыланды

Астана жаңалықтары: Астанада Елбасының Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласы талқыланды

2017 жылдың 21 маусымында Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Іс – шараның ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты және ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Кітапханасы ұйымдастырды.

Конференцияға Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өбекстан елдерінің танымал тарихшы — ғалымдары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Мемлекет тарихы институтының ғалымдары, жоғары оқу орындарының ғылым қызметкерлері қатысты.

— Бүгінгі іс-шара Елбасымыздың озық идеялары және бастамаларын іске асыратын Назарбаев орталығында өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Біз үлкен өзгерістер заманы, еліміздің тарихы бетбұрыс кезеңінде өмір сүрудеміз. Бүгін Қазақстан мемлекет пен қоғамның жұмыс істеу негіздерін жаңғыртуға бағытталған реформаларды жүзеге асыруда. Экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларда ауқымды қайта құрылымдау жүріп жатыр. Өзекті экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жаңа идеялар мен тәсілдер ұсынылуда. Президент жүктеген жаңғырту тақырыбы бойынша жаңа міндеттерді ең алдымен ғылыми тұрғыдан түсіну қажет. Конференция барысында күн тәртібіне қойылған өзекті мәселелер талқыланды, — дейді ҚР Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.

Конференция Пленарлық мәжілістен және «Тарихи контекстідегі Қазақстанның жаңғыру әлеуеті» және «Қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту аясындағы тарихи сана» атты екі секциядан тұрды.

Кездесу барысында Қазақстандағы тарих ғылымының міндеттері, ұлттық код және оның қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызы, қазіргі гуманитарлық ғылымдағы өлкетанудың рөлі мәселелері талқыланды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше