Астанада қазақстандық полицияның 25 жылдығы аталып өтілді

Астана жаңалықтары: Астанада қазақстандық полицияның 25 жылдығы аталып өтілді

22 маусым күні Астана қаласының Ішкі істер департаментінде елордалық үздік полицейлерді мемлекеттік марапаттармен ұлықтау және ресми салатанатты шара өтті. Қаланың ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров қызметкерлерді құттықтады.

— Ширек ғасыр ішінде Қазақстан полициясы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қорғанына айналды. Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуде берік іргетас қаланды. Тиімді нормативті-құқықтық база құрылды. Ішкі істер минисртлігі мен әкімдіктің департаментке көрсетіп жатқан барлық қолдауының арқасында жыл сайын елорда полициясының әлеуметтік қамтамасыз етілуі нығаюда. Мен астаналық полицейлердің бас қалада құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ары қарай да қызметін лайықты атқаратындарына сенімдімін, — деді ол.

Астана қаласының үздік полицейлеріне мереке орай құрметті марапаттар табысталды: «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі, «Ішкі істер органдарынын үздігі» ІІ деңгейлі төсбелгісі, Қазақстан Республикасыынң ІІД алғыс хаттары мен грамоталары табысталды.

Айта кетейік, тәуелсіздіктің 25 жылдығында елорданың 8 полиция қызметкері қызметтік міндетін өтеуде көз жұмды. 20 тәртіп сақшысы оқпен, пышақпен жарақаттанды. Олардың барлығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен «Айбын», «Ерлігі үшін» мемлекеттік медаліне ұсынылды.

Бүгінгі таңда Астана қаласының Ішкі істер департаменті мықты кадрлық құраммен жасақталған және заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуында жұмыс істеген елордалық полицейлердің еңбегін ерекше атап өткен болатын.

2017 жылдың мамыр айында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ІІД жас қызметкерлеріне арналып жатақхана ашылды. Қазақстандық полиция қызметкерлері күні қарсаңында қала әкімдігі 100-ге жуық қызметтік көлікпен қамтамасыз етті.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше