Астананың елді-мекендеріндегі балабақшаларға орынды кезексіз алуға болады

Мұндай жеңілдік қала шетінде тұратын тұрғындарға ғана қарастырылған, деп хабарлайды Астана қаласының медиа орталығы.

Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жаңғозиннің айтуынша, ол үшін www.e.astana.kzпорталында «Елді-мекендердегі балабақшаны таңдау» жеке функциясы болады.

«Қала шетінде, яғни, Ильинка, Пригородный сынды елді мекендерде орналасқан балабақшаларда балаларды қабылдау баяу жүргізілуде. Өйткені ондағы балабақшалар сол ауданның тұрғындары үшін ғана қажет. Сәйкесінше, біз оларға жалпы кезек санын күтіп қалмаулары үшін жеке қызмет көрсетеміз. Бірақ, бұл жекелеген аудандарда орналасқан балабақшаларға ғана қатысты, — деді Ә.Жанғозин.

Астана жаңалықтары: Астананың елді-мекендеріндегі балабақшаларға орынды кезексіз алуға болады

2017 жылы Астанада мемлекеттік балабақшаларға 6310 орын бөлінді. Мемлекеттік балабақшалардағы жалпы бос орындардың қатарына елді-мекендердегі бос орындардың саны да кіріп отыр.

2017 жылдағы жалпы орындардың 386-ы – 2011 жылы туған балаларға, 1111 орын – 2012 жылы туғандарға, 1340 – 2013 жылғы бүлдіршіндерге, 2233 – 2014 жылы туғандарға және 1240 орын – 2015 жылы туғандар балаларға берілді.

Қазіргі таңда Астанада мемлекеттік балабақшаларда 2542 орын берілді, тағы 3769 орын тапсырылу кезеңінде.

Астана жаңалықтары: Астананың елді-мекендеріндегі балабақшаларға орынды кезексіз алуға болады

«2017 жылға бөлінген 6310 орынның жартысынан көбі тапсырылды. Неге барлығы емес? Себебі біз ата-аналарға хабарландыруларды смс немесе электронды пошта арқылы жібереміз, алайда, барлығы бірдей ол хабарландыруды ала бермейді. Кейбірі қоныстарын ауыстырып жіберген, енді басқалары жеке меншік балабақшаларға барып жүр және басқа да себептерге байланысты балабақшадағы орын оларға керек болмай қалады. Сәйкесінше, бос орындарды беру мерзімін тездету үшін біз енді күту уақытын 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартамыз, — деді Ә.Жанғозин Елорда әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, 15 жұмыс күні бойынша күту мерзімі мектепке дейінгі мекемелердегі қабылдау үдерісін баяулатады. Келесі кезекте тұрған балалардың ата-аналары тағы жарты айлап күтулеріне тура келеді.

«Яғни, біз қазір ата-ананың www.e.astana.kz порталының жеке кабинетіне кіріп, рәсімдейтіні туралы ойын растайтынын 15 күн бойы күтпейміз. 5 жұмыс күні бойынша күтеміз, әрі қарай кезек бойынша жұмыс жылжи береді. Бұл үрдіс бір жылға арналған орынның бәрін толтырмайынша жалғаса береді, — деді Жанғозин.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше