Астанада ЭКСПО аясында тегін жаяу жүргіншілер экскурсиясы жұмысын бастады


Аудиогидпен жаяу жүргіншілерге арналған экскурсиялар биыл «Нұржол» гүлзарында, жағалауда жұмыс істейді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы тілшісіне «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.

-Біз Астанада жаяу аудиогидті іске қостық. 2017 жылы бізде осындай 2 жаяу аудиогид болады. Бұл «Нұржол» гүлзарында, барлық саябақ аумағын қамтитын Есіл өзенінің жағалауында, — дейді А.Адамбеков.
Аудиогидтер көмегімен туристер мен қонақтар қаланың негізгі айшықты жерлері туралы барлық ақпаратты ала алады. Бұл қызметті пайдалану үшін «Хан шатыр» СОСО жанында, «Бәйтерек» монументі алдында және Есіл өзенінің жағасында орнатылған арнайы шатыршаларға бару керек. Аудиогид пен жол көрсетуші картаны алып, 5 мың теңге кепілдеме қалдырасыз. Бағыт аяқталған соң құрылғыларды табыстап, кепілге қалдырған турист ақшасы қайтарылады.

Адамбеков атап өткендей, елорданың айшықты жерлері туралы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын, қытай және өзге де тілдерде болады.

Биыл жаяу жүргіншілер гидін IZI.Travel желісі арқылы пайдалануға мүмкіндік жасалды. Басты айырмашылығы – мұндай жағдайда аудиогид үшін кепілдікке құрылғы алудың қажеттілігі болмайды. Кез келген адам мобильдік құрылғы арқылы IZI.Travel порталына кіріп, сол жерде Астананың көрікті жерлері туралы барлық қажетті ақпаратты тыңдай алады.

— Осы жылы жаяу аудиогидті халықаралық IZI.Travel желісімен дамыттық. Онда барлық әлемдік жаяу аудиогидтер жүктелген. Жақында онда Астана да пайда болды. Яғни адам бізден аудиогидті алмай-ақ, сонда кіріп, тыңдай алады. Демек, жобаның екінші кезеңін жүзеге асырғанда біз қалауы бойынша аудиогид бермейміз, — деп түсіндірді «Астана Конвенш Бюро» басшысының орынбасары.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше