45 мыңнан астам елордалық оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде демалуда

Астана жаңалықтары: 45 мыңнан астам елордалық оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде демалуда

Астанада 82 мектепте демалыс лагерьлері ашылды. Бұл жерлерде бастауыш сыныптардың 45 мың оқушысына демалыс ұйымдастырылуда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталығына қалалық білім басқармасы.

Мектеп жанындағы лагерлерде тек тамақтану үшін ғана 500 теңге төленеді. Жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардың балалары тегін, жергілікті бюджет есебінен тамақтандырылады.

-Мектеп жанындағы лагерьлердің ерекшелігі – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарынын дамыту, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, — деді қалалық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің жетекші маманы Еркөкше Қафизов.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше