С.А.-ға

Аса қымбатты С.

Хатыңызды оқып қуанғанымды жасыра алмаймын. Арнайы мен үшін анадай фотоны жазбаңызға тіркегеніңізге марқайып та қалдым.
Қарап отырсам Сізді көрмегеніме де 2 айға жуық уақыт өтіпті. Бірақ, соншалықты сағындым деп айта алмас едім. Жоқ, айтатын едім, бірақ ол өзімді де, Сізді де алдау болатын еді. Неге екенін білесіз бе?!
Қарап отырсам соңғы бес жылым телефонда өтіпті. Күн демей түн демей сипалай беріппін. Қайғырсам да, қуансам да жанымнан табыла кетеді. Бірақ, мына дүниенің жалғандығы секілді ондағы жазбалардың бәрі өтірік екенін кеш ұғыппын. Шын жүрегіңнен шыққан сөздерді жазғың ақ келеді ау, бірақ «желіге шығару» деген батырманы басайын деп тұрып, ойланып қаласың. Ойланып отырып, өшіріп тастайсың. Неге?! Өйткені, желідегі «маскаң» бар емес пе?! Біреудің ойынан, біреудің сөзінен қорқасың, жинаған «беделіңді» түсіруден қорқасың, толып жатқан қорқыныш әйтеуір. Бұрыштағы сыраханада отырып бір апта бұрын белгілі бір адамның қабылдауында болған кезіңдегі пафосты фотоларыңа фильтр таңдап отырасың. Ал сыраханадағы фотоларды вацаптағы достарыңа ғана жіберіп, желіге салуға қомсынасың. Блогерсің ғой :(
Бірді айтып бірге кеттім білем, сағынудан келіп шығады ғой… Сізді 2 ай көрмесем де дым сағынбаппын деп айттым ғой жоғарыда, бәрін өлтірген осы желі. Тіпті көршің білмейтін жаңалықты айшылық жердегі адам біліп отырады. Алыстағы ағайының қоңырау шалса, ішіңнен жақтырмай тұрасың, өйткені кеше ғана месенджерде сөйлестің емес пе?!
Қарап отырсам, әйеліммен де арқа-жарқа сөйлесіп отырып бір шәй ішпеппін. Сипалайтыным смартфон. Достармен жолыққанда да бір ойың телефонда отырады. Сондағысы, бір қызықты ой айтылса, дереу желіге салып жіберіп лайк жинап алу :(
Эхх, айта берсең көп қой, қарап отырсам осы әңгімені де бетпе-бет емес, интернетте бөлісіп отыр екенмін…
Шәй ішейікші осы ә?! Смартфонсыз.
Бөлісу:

8 пікір

Basic
Жаным-ау, сағынбаңызшы
asaubota
пибі ішеміз деп сенен хабар күтіп жүрмін әлі…

айтпақшы, иә, интернет сағынышты өлтіреді екен. мен де ешкімді сағынбаймын
Daniar-Alan
пибі ішеміз деп сенен хабар күтіп жүрмін әлі…
мен де күтіп отырмын :)
abzalsariyev
С.А.ға деген кім сонда?
Тағы да Мен ба?))
Basic
*lol* *lol* *lol*
Иə. Сариев Абзал))
AKY
Ондай лайкқұмар ауруым жоқ екен, шүкір
a63a1
Во время секіріп кеткен едім. бірақ қазір псиxологиялық көмек беретін боппын әйелдерге