Доктор Розенхан əзілі немесе психиатрияның ақыры

Стэнфорд университетінің психология жəне құқық профессоры Дэвид Розенхан бір қызық эксперимент жүргізеді. Ол ақыл есі дұрыс үш психолог, психиатр, педиатр, суретші, үй шаруасындағы əйел жəне аспирантты іріктеп алады.

Бұл сегіздік психиатрия клиникаларына барып белгісіз шуды, дүрсілді еститінін айтып өздерінің психикалық жағдайына шағымданады (шындығында олардың барлығы сау). Дəрігерлер оларлы науқас деп тауып клиникаға жатқызады.
Жындыханаға түскен соң барлығы да өздерін тəуір сезінгенін, шуды, бөгде дыбыстарды естімейтінін айтады. Олардың барлығы 52 күн емдеуде жатады. Ал клинкадан шыққанда жетеуіне «шизофрения» диагнозы қойылады, ал біреуіне «маниакальды-депрессивті психоз» жазылады.
Клиникадан шыққан соң дəрігерлер олардың жағдайы жақсарғанын байқайды. Алайда бір де бір дəрігер олардың ақыл есі сап-сау адам екенін байқамайды.
Эксперимент нəтижесі жарияланғанда барлық клиникалар оның нəтижесіне күмəн келтіріп, мұндай өрескел қателіктің орын алуы мүмкін емес деп шулайды. Профессор экспериментті қайталап тағы да жалған пациенттерді жіберетінін айтады.
Осыдан соң клиникалар келесі 193 пациентті мұқият тексеріп, 41-іне «псевдонауқас» диагнозын қояды.
Ал профессор сөзінде тұрмаған еді. Ол клиникаларға ешбір адамды жібермеген болатын…
Бөлісу:

5 пікір

Basic
Психиатрия жалған ғылым дегісі келген шығар))
abzalsariyev
әділетсіздеу қоғам
Basic
Шешім қабылдау кезінде стереотип, қоғам пікірі көп əсер етеді. Көбінесе біз қалаған дүниемізді жасамаймыз, бізден күтетін əрекет етеміз
RaymbekEgemberdiev
Психиатрия клиникалары бұрыннан негізінен науқастарды емдеу үшін емес, оларды жай қоғамнан арашалау үшін, яғни, түрме ретінде пайдаланылады деп ойлаймын. Былай қарасаң психологиялық аурулар сан алуан ғой, қайбіріне үңіліп, зерттей берсін.