Адам өліп жатып бара не ойлайды ?

Мен дəрігермін. Жұмыс жасайтын бөлімім Анестезиология жəне Реаниматология деп аталады. Яғни жұмыс екіге бөлінеді анестезиология ол адамды дəрілер кушімен өлтіру (қорқпаныз уақытша) жəне реаниматология (өзі өліп бара жатқан адамды құтқару). Бүгін адам өліп бара жатқан кездегі хəлін жазайын.  Реанимация аты айтып тұрғандай адамдар соңғы сапарға (өлуге) келетін бөлім. Бізде адам реанимацияда қайтыс болса больница əкімішілігіне кешірімді болып саналады. Жұмыс болған соң тəулігіне бір екі кейде одан да көп өлімдер болып тұрады. Маған қызық сұрақтын бірі адам өлетінің білсе өлер алдында не ойлайды екен деп. Енді өзі өліп бара жатқан адамнан не ойлайсын деп сұрамайсын, жəне олардын ауыздарында жасанды тыныс аппаратымен байланыстыратын интубациялық түтік тұрады. Байқағаным жасы болсын кəрісі болсын нағыз өлім сағаты келгенде барлығы ана дүниеге асығады. Өлгім келмейді, аман алып қалындаршы деген ешкімді көрмедім. Тек туыстары ғана. Сағаттары санаулы қалғандарының өздері тек өлім сағатын күтіп жатады. Мүмкін Алланың жазғанына қарсы келмейтін шығар
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
өлгісі келмей жанталасуы керек пе? :)
ken
Реанимация аты айтып тұрғандай адамдар соңғы сапарға (өлуге) келетін бөлім
Қазақстандық медицина бойынша ма?
Әйтпесе:
Ре — қайта
Анимация — тірілту
емес пе?
ken
Білеуімше, ол бөлімге 2 түрлі топтағы адамдар түседі. 1. Өміріне қатерлі ауыр жарақат алғандар. Бұндай xалде жатқандардың бірдеңе ойлауға шамасы келе бермейтін шығар. 2. Қатерлі дертке шалдығып, ұзақ уақыт бойы сол дертті арқалап келгендер. Бұлар "өмірімді аман алып қалыңдаршы, өлгім келмейді" деген сөздерді бұл бөлімге түсуден бұрын (дертінің бастапқы сатыларында) айтып қойған болуы мүмкін. Ал осы бөлімге әлдеқашан шарасыздыққа көндігіп қойған болып келетін шығар. Тіпті «тезірек бәрі бітсе екен» деген оймен келуі де мүмкін.
bake
Маған қызық сұрақтын бірі
қызық емес, мені ойландыратын немесе толғандыратын шығар.
Өлім адамды әртүрлі жағдайда қарсы алады. Оны көбі түсінеді. Менің тек тілейтінім таза жерде, жақынның көз алдында, еш қарызсыз, балаларымның соңында көз жұмсам болғаны. Ондай өлім бұйырмағандар қаншама