Әл-Фараби мұрасы
Арабтар VII ғасырдың орта тұсында көрші елдерге қырғидай тиіп, басқыншылық жорық жасай бастады. 150 жылға жуық уақыт бойы жаугер халықтың жолы болды. Осы аралықта арабтар бірталай мемлекеттерді өздеріне бағындырып, жаңа жерлерді басып алды. IX ғасырдың басында Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Африка мен Батыс Еуропа елдерін қол астына қаратқан. Арабтар осындай кең байтақ патшалығын Араб халифаты деп атады.
Араб халифаты біртұтас мықты мемлекет болып қалыптасты. Дегенмен де ел арасында астыртын бүліктер мен шайқастар шығып, Араб халифаты бір ғасырдай өмір сүріп, аяғында құлаған-ды. Оның ішінде саяси күші жоқ ұсақ-ұсақ мемлекеттер мен жеке бөлініп кетті. Сонымен қатар көптеген қалалар бұрынғысынша жоғары мәдениет орталығы болған күйінде қалды. Яғни уақыт өте келе бұл өз нәтижесін берді. Осының бәрі есімі бүкіл әлемге әйгілі ғұлама ғалым, философ әрі ақын, Шығыс халықтары Екінші Ұстаз атанған Әбу-Насыр әл-Фарабидің философиялық көзқарастарында көрініс тапты.
Ежелгі Ұлы Жібек жолында, кең арналы Сырдария өзенінің жағасында бой көтерген осы Отырар қаласы бағзы замандарда Фараб атауымен әйгілі болған. Осы бір құтты мекенде әл-Фараби жарық дүниеге келіп, жастық шағын өткізген.
Нақтырақ айтқанда, Әбу-Насыр Мұхаммед әл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында дүниеге келген. Алайда қазіргі оқырман қауымы Весижді ешкім біле бермейді. Ал Фарабтың атақ-даңқы сол кездің өзінде асқақ еді. Бұл да уақыт өте келе Весиж ұмытылып, асқан ой иесінің Отаны Фараб қаласы саналып кетті.
Хижраның 260 жылы осындай тәтті түндердің бірінде Весиж қаласында Мұхаммед Тарқан ибн Узлағ ат-Түркінің шаңырағында көптен күткен ер бала дүниеге келді. Оның атын әкесінің құрметіне Мұхаммед қойды.
Кішкентай Мұхаммед жасынан өте пысық, сергек, қағілез әрі сезімтал болды. Ол айналасындағы көзге көрінгеннің бәрін білсем деген білімқұмарлығымен ерекшеленгені болмаса, өзі құралпы басқа балалармен бірдей өсіп жатты. Жердің шаңын бұрқырата, топ баланың ортасында аяғы-аяғына жұқпай құлдыраңдай жүгіріп, ертеден қара кешке дейін сілесі құрып, құмары қанғанша ойнайтын. Алайда ойынның қызған шағында кенет шөптің арасынан кесірткені не болмаса қарағаштың бұтағына қонған құсты көзі шалып қалса, лезде бар ынтасы соған ауып кететін. Ол мұндай өзіне беймағлұм тіршілік иелерін көргенде бар дүниені ұмытып, әрбір қимылын бағып, қаққан қазықтай қатып қалатын. Сонда ойыңды жалғастырғысы келген достары Мұхаммедті қарату үшін:
— Әй, Мұхаммед! Сен не, ұйықтап қалдың ба? – деп, айғайлап, тіпті одан қалса олай-бұлай жұлқылап, ақ жейдесінің жеңінен тартқылап жататын. Мұаммед сонда да селт етпейтін. Ондай да оны орнынан қозғалту мүмкін емес. Тек манағы кесіртке шөптің арасына сіңіп, көзден ғайып болса немесе бұтақта мұның өзіне таңырқай қараған сұр құс пыр етіп ұшып кетсе ғана Мұхаммед ойынның қызығына қайта кіріп кететін.
— Шынымен де, кесірткелер неліктен жорғалап жүреді екен, ал құстар неліктен ауада ұшады, олар неге жерге құламайды. Ал, бүркіт қырандар ше? Олар тіпті адам аяғы баспайтын шырқау биіктерде өмір сүреді. Осылайша сан сауалдың астында қиялына ерік берген бала Мұхаммед тәтті ұйқыға ене береді.
Аристотель әл-Фарабидің өмірінде үлкен рөл атқарады, үнемі дұрыс жол сілтейтін темірқазықтай болды. Бұның бәрі тегін емес еді. Әл-Фараби ықты соңынан ертіп, жаңа, бақытты өмірге бір рет жетелеп көру үшін өмірлік тәжірибе де, бай білім де жинады. Ұзақты күндер бойы бақшаның бұрышындағы зәулім ағаштың көлеңкесінде күн сәулесінен жасырынып, «Ізгілікті қаланың тұрғындарының көзқарасы туралы ғақлия» атты тамаша туындысын жазды.
Адамзаттық бақыттың мәні де? Осы бір сұрақ бір сәтке дейін ойыннан шықпапты. Жылдардан соң жылдар, онжылдықтардан соң онжылдықтар жылжып өтіп, оның жауабын өмірдің өзі өзгертіп, өңдеп, толықтырып берді. Ол бәрін түсінді, өз сұрағының шешімін тапты. Бақыт дегеннің не екенін білді. Мұхаммед енді осы жаңалығын адамдардың санасына жеткізуге асықты. Иә, бақыт деген байлық емес, атақ-даңқ емес! Мұның бәрі шөл далада алыстан бұлдырап көрініп, жолаушыны адастыратын сағым сияқты алдамшы жолдар…
Бақытты алтынмен, байлықпен еш байланыстыруға болмайды. Бақытты адамдар өзі үшін іздейді. Бұл адамның жетілгендігі деп түсіндіреді… Кез келген адамның өзін бақытты сезінуден асқан бақыт жоқ! Алайда оған жету үшін ең алдымен әлемнің үйлесімділігіне, оның сұлулығына қол жеткізе отырып, асықпай, біртіндеп жоғары көтерілу керек.
Осының бәрі оның жүрегінде сайрап тұрды. Енді соны оқыған әрбір адам көзі ашылғанына қуанатындай етіп, анық әрі түсінікті етіп, қағазға түсіруі тиіс.
Сонымен қатар әл-Фараби өмірді бақылап, байыптап, талдап отырып, маңызды қорытынды шығарды: ізгілікті қасиеттер мен әдеттерге бай адамдар өз әрекеттері арқылы айналасындағы елдің бақытты болуына ықпал етуі тиіс. Бақытты болуға кедергі келтіретін әрекеттер, әрине, кемшіліктерден, білімсіздіктен, көргенсіздіктен туындайды.
Өз бақылағандарын, логикалық пайымдауларын сараптай келе, әл-Фараби тағы да бір тұжырым жасайды: егер бақыт адамға жеткізбесе, егер бақыт адамзаттық әрекеттердің күтілген нәтижесі болып шықпаса, онда адамның соған ұмтылысының, сол жолдағы іс-әрекетінің тамаша болмағаны. Ізгіліктілік қасиетті ол қиялында қала деп алады да, оның тұрғындары «нағыз бақытқа жеткізетін әрекеттерде өзара көмек көрсетуді» мақсат етіп алуы тиіс деп түсіндіреді. Қоғамды да осы тұрғыдан қарастырады. «Сөйтіп егер жер бетінде тұратын халықтар өздерін бақытты сезінуі үшін бір-біріне көмектерін ұсынса, бүкіл жер жүзі ізгілікті болады» дейді.
Дегенменде әл-Фарабидің адамдарға «бақыт елін» тауып беруге бар күшін салуын діндарлар жақтырмаған-ды. Ғұлама ғалым философияны ғана қамтымай, музыка әлемі жөнінде де өз жинақтарын қалдырған.
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабы» музыкалық мәдениет тарихында музыка мен музыкалық өнер туралы білімдердің энциклопедиялық жинағы ретінде танымал болған. Ол өз бойына музыка туралы тарихи жинақталған теориялық материалды ғана емес, музыкалық аспаптар және оларда құйқылжыта ойнау туралы практикалық білімдерді де енгізген. Онда әл-Фараби музыка феноменін зерттеудің теориялық және практикалық мәселелері және өзіндік вокальдық болсын, мейлі аспаптық болсын орындаушылық шеберліктің өзін де, оның рөлі мен маңызын да сіңіретін музыкалық өнердің мәні мен мағынасын түсіну жөніндегі өз ұстанымын баяндайды.
«Музыкалық практика өзінің дамыған формаларын жеткен кезде», — деп түйіндейді әл-Фараби, музыкалық теория пайда болады. Әл-Фараби үшін теория мен практика бірлікте өмір сүреді, «музыканың теориясы мен практикасы бірін-бірі толықтырады, ал олардың қосылған жиынтығы музыка туралы ілімді құрайды».
Әл-Фарабидің «Азаматтық саясаты», «Бақытқа жету туралы», «Бақытқа жетелер жолдың көрсеткіші» және «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары жайлы» трактаттарының мазмұнынан біздің аңғаратын бұл контекст музыка туралы трактаттағы әл-Фарабидің ойларын толығымен растайды және ұштай түседі. Бұл трактаттарда әл-Фараби шынайы бақыт туралы айтады және оны надан қалалардың тұрғындары басшылыққа алатын жалған бақыттан айырмашылығын көрсетеді.
Музыкалық аспаптар тарихында ол өзінің негізгі ұстанымы –жіктеуді ұсынады. Музыкалық аспаптарды қарапайым және күрделі ұстындары бойынша жіктей отырып, Әбу Насыр әл-Фараби практикалық музыкалық мәдениетті қалыптастырудың тарихи ұстынын ашады. Әл-Фараби музыкалық өнердегі дәстүрлер тасымалының өте маңызды рөлін атап көрсетеді. «Өнер ғасырлар бойы ұрпақтар ұрпаққа, халықтан халыққа беріліп отырды». Ғалымның бұл сөзінен оның өз зерттеулеріндегі музыкалық мәдениеттің рецепциясы туралы идеясы және музыканың түрі өзгергендігі, жанрлардың өзгергендігі туралы, сондықтан әрбір дәуірдің музыкасы өзіндің музыкалық құмарлықтары мен мұраттарын енгізгендігі туралы идеясы түйінделіп отыр.
Әбу Насыр әл-Фараби музыкалық аспаптардың пайда болу тарихын адамның рухани-практикалық әрекеттерімен байланыста сипаттайды. Ол музыканың адам психологиясына, оның этикалық қылықтарына ықпалы өте зор деп санайды. Әл-Фараби музыка әртүрлі адамдарды жақындастырады деп жазды, ол әлемге деген қатынастың әмбебеп тәсілі болып табылады.Ең бастысы әл-Фарабидің музыка туралы трактаты Батыс Еуропадағы музыкалық-эстетикалық теориялардың жасақталуына да түрткі болды. Мысалы, Род жэр Бэкон өзінің музыкалық өнер теориясына арналған «Opus tertium»еңбегін жатқыза аламыз. Қазақстанда әл-Фарабидің мұрасын халыққа ұсыну ретінде шыққан алғаш музыка жанрындағы кітабы 2008 жылы «Лотос-Астана» деген баспаханадан шығарылды. Бұл ктіап жинағының атауы: «Музыканың үлкен кітабы» деп аталады.
Әбу Насыр әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағытты анық қалдырды: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәніне, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді.
Ғұлама сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып, соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Насыр әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, Аристотельдің және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» атты еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
1. философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
оның шыққан қаласы;
2. философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
3. философиялық ағымды тудырған басты себеп;
4. философиялық талдауға түскен мәселелер;
5. философияның алға қойған мақсаты туралы;
6. философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады.
Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт – философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну, философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат – жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат ретінде. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесінші шарт – философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияның тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт –Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
Жетінші шарт – Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу. Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу оны алып адам бейнеттеніп, ой пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
Сегізінші шарт – философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт – Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Адамы болу үшін Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап –ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Аристотельдің «Никомахтың этикасында» келтірген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жазуға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Насыр әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын «ең ерекше» игілік –ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн екендігін айтқан.
Әл-Фараби өз халқына, келешек ұрпақтарға, бүкіл адамзатқа өткен ғасырлардың ақыл-ойының асылын теріп, жинаған баға жетпес қолжазбалар қалдырды. Ол өмірді, ондағы адамның алатын орнын түсіну үшін және оны адамдарға жеткізу үшін қажымай, талмай, көп ізденді.
Ол өз өмірінде тағы бір маңызды шындықты түсінді: ақыл-ой –адамзаттық мәселелерді шеше алатын ұлы күш.
Әл-Фарабидің ғақлиялары көптеген адамдарға рухани азық берді. Олар басқа тілдерге де аударыла бастады. Оның даңқы шартарапқа тарап, әлемге «Екінші Ұстаз» деген атпен танымал болды.
Оспанова Шынар Сабитовна
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD

1 пікір