Мешітке келетін қауымға жұмыс табуда көмек көрсетіледі

Елорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қ. Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп мешітке келетін қауым арасындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуда белсенді жұмыс жүргізуде.

Әрбір бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарын ұсынады, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары туралы ақпараттандырады.

Атап өтерлігі, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл басынан бері 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды, әйелдерді және жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер бар. Жұмыспен қамту орталығының мобильдік тобы халық көп жиналатын жерлерде мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру шараларын өткізді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше