Елорда әкіміне 12 смарт-жоба таныстырылды

Назарбаев университетінің өкілдері «Стартап уик-энд» шарасы шеңберінде елорда басшылығына 12 смарт-жобаны таныстырды. Бұл — мүдделі тараптардың өзара қарым-қатынасының қолжетімді түрі, бір жағынан — жаңа идеяларды ұсынушылар, екінші жағынан — оларды іске асыру құралдарын беретін елорда әкімдігі.

24 жасар инженер-химик Ғалым Бәйтімбетов өзінің «Aqua Point» компаниясы әзірлеген технологияны ұсынды, бұл — сапалы ауыз суы бар аппараттар. Адамдар жиі баратын орындар — сауда үйлерінде, мектептерде, университеттерде осындай құрылғыларды орнату бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді.

«Біздің құрылғының ерекшелігі — Қазақстанда мұндай аппараттар жоқ, бірақ әлемде бұл технология бар және тәжірибе жүзінде халық үшін тиімділігі дәлелденген. Ол халыққа ауыз суды тегін береді және қоршаған ортаны пластик қалдықтармен ластау проблемасын шешеді және мектеп оқушыларын су тұтыну мәдениетіне баулиды. Бұл — қазақстандық өнім және ол шетелдік аналогтарынан арзанырақ», — дейді Ғалым Бәйтімбетов.

Бір рет пайдалануға арналған пластик құтылар бірнеше рет пайдаланғанда және белгілі бір температурада зиянды заттар бөлетінін атап көрсету керек. Жас инженердің айтуынша, оның компаниясы ойлап тапқан аппараттың өзінен ішуге ыңғайлы суағары бар, осының арқасында суды ыдыссыз тұтынуға мүмкіндік береді, ал аппараттың басқа түрі үшін арнайы стакан қарастырылған.

Балалардың дамуына әсер ететін ойындар, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелі, амбулаториялық оңалту орталығы, білегі жоқ адамдарға арналған механикалық протез, ғимаратқа кілтсіз кіру, жас ғалымдардың әр түрлі тағы алты идеясы мен шешімі қала басшылығының қызығушылығын тудырды. Қала әкімі Әсет Исекешев стартапшыларға ойларын іске асыру үшін «Даму» желісі бойынша гранттарына қатысуды ұсынды.

«Бізде осы жобаларға қолдау көрсетуге болатын бірнеше құрал бар. Бұл жұмысты Назарбаев университетімен ынтымақтастықта қолға алдық, ЕҰУ-мен де жұмыс істемек ойымыз бар. Идеялары бар азаматтарды шақырамыз, «Астана Innovations» компаниясына хабарлассын, әкімнің сайтына, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жазсын. Смарт-бастамалар жобалары әрқашан да өзекті, бірақ жақсы бастамалар бізге тікелей түскен кезде, және де біз ЭКСПО-ға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, біз оларды көрменің өзінде ұсынуға және одан кейін ынтымақтастық орнатуға әзірміз», — деп қорытындылады Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше