«Астана» ФК ойыншыларын құттықтау салтанаты өтті

Бүгін елордада футболдан Қазақстан чемпионатының жаттықтырушылар штабының мүшелері мен ойыншыларын алтын медальмен марапаттау салтанаты өтті.

Кеш қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздары Дильназ Ахмадиеваның, Kesh You тобының және т.б. өнерін тамашалады.

Салтанатты шара барысында клуб ойыншылары түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

«Көрермендер көзайымы» номинациясында Патрик Твумаси, «Клубқа деген адалдығы үшін» Танат Нөсербаев пен Дмитрий Шомко марапатқа ие болды. Марин Аничичтің «Жальгирис» ФК қақпасына соққан добы маусымдағы ерекше сәт деп танылды, ал Агим Ибраимидің «Селтик» ФК қақпасына дәл бағыттаған добы «Маусымдағы үздік гол» номинациясында аталып өтті, Юрий Логвиненко маусымдаға жаңа ойыншы, ал Ненад Эрич — үздік ойыншы. Клубтың басты жанкүйерлері — Әділбек Жақсыбеков пен Әсет Исекешев.

Кеш соңында Қазақстан Футбол федерациясының бас хатшысы Қаныш Әубәкіров клуб ойыншыларына алтын медальдар табыстады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11746
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше