Тәуелсіздік таңы

Тәуелсіздік мен үшін киелі сөз
Онда жатыр мән мағына сансыз көп.
Тарихта өшпес ізін қалдырған
Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.

Есіме алсам желтоқсанның ызғарын
Сәбира мен Ербол, Ләззат, Қайратын.
Әттең-ай жастайынан кетті-ау деп
Өкінішпен бір мұңайып қаламын.

Жастар шықты алаңға елі үшін,
Бойға жинап ерік, жігер, қайрат, күшін.
Әскеріне советтің қарсы тұрып,
Қыршынынан қиылды біздер үшін.

Аямады қызымыз бен ұлымызды,
Суық күнде үстіне шашып суды.
Қолындағы дубинкамен ұрып, жығып,
Тақады тіпті басына автоматты.

Қаншама жастарымыз азап шекті,
Аңсады бостандықты, азаттықты,
Намысқой ерлеріміздің арқасында,
Ақыры азаттықтың таңы атты.

Бүгінде тәуелсіздікке жиырма бес жыл,
Тойлайықшы әлемге жар салып бір,
Келешекте іске асырып ойымызды,
Қазағымның даңқы әлемге тарай берсін.
Бөлісу:

2 пікір

MERmukhanov
прозаны көрш, қарындас