Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім

Сынақтың көкесі әлі алда.

Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім

Ұйқыдан оянған бетте сыртқа шығу туралы бұйрық берілді. Сағаттың тілі 07:00 көрсетіп тұр. Суық бөлмеде бүрісіп жатқан біздер, бойымызды тіктеп далаға шықтық. Аяусыз, тоқтаусыз соққан жел етімізден өте берді. Біршама қашықтық жүгіріп, кеңестік кезендегі әскери және саяси тұтқындар мемориалы орналасқан жерге дейін жеттік. Күн нұры түспеген уақытта бұл жер ерекше томсыраулы көрінеді екен. Денемізді қыздырып алғаннан кейін, кенеулі таңғы ас ішіп, жылынғандай болдық. Кешегі тосын сыйдан үрейленген көңілімізді аулау үшін психолог маман сергітетін командалық ойындар ойнатты. Көңіліміз көтеріліп, қарқылдаған күлкіміз күшейе бергені сол еді, «клубқа жиналыңдар» деген бұйырық естілді. Иә, біз бұған өз еркімізбен келісіп келдік. Шегінерге жол жоқ. Айтылған бұйрықтарды әскерилерше бұлжытпай орындауға тиіспіз. Ойын-күлкіні доғара қойып, клубқа беттедік. Бір қабатты ескі клубтың өзіндік тарихы бар болып шықты. 1934 жылы каторгаға жіберілген адамдар салған бұл клубтың сахнасында Людмила Зыкина ән шырқаған екен. Құлыптың сыртын қайта қаптап, жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, ағаш дуалдары сол күйі сақталған. Ал, бізге бұл жерде ешкім өнер көрсеткелі жатқан жоқ. Бектілген кесте бойынша — дәріс. Нұсқаушы Руслан Бек қауіпті аймақтарға жиналғанда қажетті құралдардың барлығымен таныстырды, көрсетті.

Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім

Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім

Бүгінде кең таралған гибридтық соғыс жайлы Рустам Эюбов есімді нұсқаушымыз дәріс жүргізді. Жалпы дискурстың мақсаты оқиға орнынан тікелей объективті ақпарат тарататын журналистер дайындау. Нұсқаушыларымыз қақтығыс жағдайларында журналист қалай жұмыс істеу керектігін түсіндірді. Басты қағида — журналист әскери киім түгелі, әскери элементі бар зат ұстамауы қажет. Қарсы жақ сіздің жау не журналист екеніңізді анықтап та жатпайды. Сондықтан да пресса екеніңізді барынша көрсетуіңіз керек. Журналистің ұрыс орнында жіберетін қателіктері көрсетілген “Репортерша” деген фильмнің үзінділерінен біраз дүние түйдік.

Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім
Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім

Теориялық білімімізді тәжірибемен ұштастырып, қарағандылық арнайы әскер жасағымен бірге полигонға шықтық. Қажетті нысанға танкімен жетіп, жаудың жаудырған оғынан қорғандық. Иесіз аңырап қалған үйлердің ішінде жасырынған қарақшыларды қолға түсіру операциясына куә болдық.

Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім
Келесі күннің сынағы жеңіл болмады. Командирге қалашыққа лаңкестер шабуыл жасағалы жатыр деген хабар жетіпті. Жарты сағат ішінде қажет деген құралдарымызды жинап, эвакуациға дайындалсын деген бұйрық берілді. Қауіпсіз аймаққа алып кететін жерге жетуіміз қажет. Ал ол үшін әуелі 12 км қашықтықты жаяу өткеруге тиіссің. Бір-біріміздің артымызда тізілген бойы отряд командиріне ілестік. “Алдарыңда кім, арттарында кім екенін жаттап алыңдар. Сапты бұзбаңдар. Қоқыс тастамаңдар.” деген нұсқау берілді. Бірақ арамыздағы біреу темекі тұқылын тастап үлгернген еді. Жау ізімізді тапты. Қайтадан оқ жауып, құтқарылу амалдарын жасадық. Бізді қоршап жүрген спецназдар жауды жойып отырды.

Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім

Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім

Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім

Қас қарайып кетті, біз әлі жүріп келеміз. Аялдауға болмайды, жау өкшелеп келеді. Тіпті дауыстап сөйлеп, қалта шам түгелі, ұялы телефондарымызды қосуға тыйым салынған. Түскі асты да ішіп үлгермеген біздің ішегіміз шұрылдай бастады. Ендігі бар арманымыз жалғыз, иесіз қалған үй орналасқан жерге жету. База сол маңайға әуеден консервілер түсіргенін рациямен хабарлады. Жету жарты шаруа, енді оларды қараңғыда тауып алу керек болып шықты. Екі-үшеуден бөлініп, азығымызды іздеуге кірістік. Межелеген уақытта жиналамыз деген жерде кенет құрам толық еместігі анықталды. Қараңғы түскенін пайдаланған қаскүнемдер ұзап кеткен журналистерді қолдарына түсірген екен. Тапқан азық-түлікті қоржындарымызға салып алып, эвакуация орнына асықтық. Әскери КамАзға мінісіп, тұтқынға алынған БАҚ өкілдерін құтқару үшін лаңкестердің лагеріне аттандық. Тәжірибелі арнайы әскер жасағының жігіттері журналистерді жау қолынан аман алып шығып, қаскүнемдердің көзін біржола құртты. Бәрі артта. Енді от жағып, бой жылытып, беймарал отырып, ішімізге ел қондырсақ болады. Бұл оқиғамыздың да соңы сәтті аяқталды. Алайда “шынайы ұрыс жағдайында көбіңіздің тірі қалуларыңыз екі талай еді” деген қорытынды жасады командиріміз Рустам Эюбов. Себебі шапшан әрекет ету, сақтық шараларын жасауда қателіктеріміз көп болды.



Ұмытылмастай әсер мен керемет тәжірибе үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаменті ұжымына алғысымды білдіремін. Ең жедел, сапалы жұмыс жасайтын ведомство екенін атап өткім келеді. Әскери дискурс кезіндегі барлық ақпарат, фото, видео материалдар министрліктің сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына дереу салынып отырды. Блогерлермен сынға түсе алатын баспасөз қызметкерлерінің оперативтілігіне таң қалдым.

Блог - IShyrak: Сынаққа толы Спасск сапары. 2 бөлім
Бөлісу:

3 пікір

Ispek92
консерві қалай екен енді? әсеріңізбен бөлісіңіз:)
IShyrak
бвәқ (( майы жібіп болмай қойды таки