Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

«Астана Тазалық» ЖШС-інің ақпаратына сәйкес, қала көшелеріне 173 техника шыққан. 290 адам жаяу жүргінші жолдар мен гүлбақтарды тазалауға жұмылдырылды. Сонымен қатар, жолдарға құм-тұз қоспасы себілуде.

Синоптиктердің болжауы бойынша, ертең, 26 қазанда, Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз -3…-5°С болады.

27 қазанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, сырғыма бұрқасын соғады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -6…-8°С, күндіз -1…-3°С болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11518
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше