ӘЛЕМДІ ТАҢДАНДЫРҒАН ҚОС ВИОЛЕНЧЕЛЬ!

Блог - AbilmansurKamzaev: ӘЛЕМДІ ТАҢДАНДЫРҒАН ҚОС ВИОЛЕНЧЕЛЬ!2CELLOS (2 Виолончель) — Лука Шулич және Степан Хаузерден тұратын қос виоленчельде ойнайтын хорват музыканттары. Әйгілі Майкл Джексонның «Smooth Criminal» әнін виоленчельде орындап, атақтары әлемге жайылды. YouTube сайтында алғашқы екі аптада 3 млн адам тамашалаған. Барлығы 253 млн(2016 жылғы 17 қаңтардағы мәліметтер бойынша).
Лука Шулич — (25 тамыз, 1987 жыл Марибор, Словения) Загребтегі Музыка академиясында, кейін Вена, Лондондағы музыка академияларында білім алған.
Степан Хаузер — (15 маусым, 1986 жыл Пула, Хорватия) Манчестердегі корольдік музыкалық колледжінде, одан бұрын дарынды балаларға арналған Тринтин колледжінде білім нәрімен сусындаған. Дуэт болып, құрылғанға дейін екеуі әр түрлі халықаралық музыкалық жарыстарда бәсекелестер болған.
Бір қарағанда біздің ментолитетке жат қылықтар жасағанымен дуэттің аспаптың құлағында ойнауы кімді де болсын таңдандырмай қоймайды. Өздеріңіз видеодан тамашалап, бағасын беріңіздер!
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
Smooth Criminal-ды виолончельмен қалай орындайтындарын елестет алмай отырмын. видеосын берші :)
AbilmansurKamzaev
asaubota
бұны сахнада орындағандары күшті шыққан. біраз видеоларын қарап шықтым. рахмет, бөліскеніңе!