Астанада жыл соңына дейін 30 жеке меншікті мектепке дейінгі мекеме ашылады
Астанада жыл соңына дейін 30 жеке меншікті мектепке дейінгі мекеме ашылады. Бұл туралы «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында өтіп жатқан білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.
Болжамдарға сәйкес, 2019 жылға қарай Астанада 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны шамамен 65 мыңға жетеді. Кішкентай елордалықтарды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту үшін қосымша 26 мыңға жуық орын ашу керек. Осы мақсатта мемлекеттік және жеке меншікті 200 астам нысан ашу жоспарланған.
«2016 жылдың 1 шілдесінен бастап жеке меншікті мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысының құны бір бала үшін 15 900 теңгеден 23 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ретте ата-аналар 23 000 теңгенің орнына 20 800 теңге төлейтін болды. Осылайша, ата-аналарға түсетін жүктеме азайтылды, мемлекеттік және жеке меншікті балабақшаны таңдау кезінде балама пайда болды және қызметтер құны теңесті, — деді Ә. Исекешев.
Жеке меншікті балабақшалар санын мемлекеттік-жеке меншік серіктестік және қалада балабақшалар ашуға ниетті кәсіпкерлерге жағдай жасау арқылы арттыруға болады.
astana.gov.kz/kk/modules/material/11190
Пікір жоқ әзірше