Астанада Спорт күніне орайластырылған «Алаупиада» өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Спорт күніне орайластырылған «Алаупиада» өтті
Спорт күні аясында Астанадағы «Алау» мұз айдынында «Алаупиада» шарасы өтті. Бұқараға арналған спорттық шара Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиаданың құрметіне де арналып отыр.

«Шараның мақсаты салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты кеңінен насихаттау болып табылады. Бүгін спорт сарайына келушілер роликті коньки мен коньки теуіп, бадминтон ойнады. Жазғы демалыс уақыттарында «Алау» спорт орталығы әрқашан келушілер үшін есігін айқара ашып, аптасына алты күн бойы халыққа қызмет етіп келеді», — дейді «Алау» Мұз айдыны спрорт сарайының менеджері Ольга Григорьева.

Оның айтуынша, «Алаупиада» аясында эстафеталар келушілер үшін конкурстар ұйымдастырылып, сонымен қатар, отбасыларға арналған көпсайыс чемпионаты өтетін болады. «Алаупиаданың» жарқын сәттерінің барлығы арнайы шақырылған фотографтардың кадрынан тыс қалмайды.

ҚазАқпарат
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше