Астанада білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтіп жатыр
Конгресс-холлда «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында Астана қаласы білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Астана әкімі Әсет Исекешев, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Қазақстан Республикасының Парламенті мен қалалық мәслихат депутаттары, ҚР БҒМ қызметкерлері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысуда.
Тамыз конференциясына басқармалардың басшылары, педагогика еңбегінің ардагерлері, жалпы білім беру мекемелекерінің бірінші басшылары мен педагогтары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, Астананың білім мекемелерінің 2016-2017 оқу жылына дайындығы және орта буында білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Кеңеске қатысушылар мен қонақтар үшін тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Шара Астана қаласының білім беру ұйымдарының инновациялық технологиялар мен бағдарламаларды енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытуға мүмкіндік берді. Көрме материалдары білім технологияларына, мектепке дейінгі білімге, жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлауға, елордалық дарынды балалардың халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстардағы жетістіктеріне арналған 11 тақырыптық кластермен ұсынылды, сондай-ақ білім беру мекемелерінің үздік ғылыми жобалары таныстырылды.
Шара барысында ерекше көзге түскен елордалық педагогтарға «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» және Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгілерін, грамоталар мен алғыс хаттар табыстау салтанаты өтті.
Тамыз кеңесі аясында тамыздың 22-сі мен 25 аралығында қалалық мектептерде Астана қ. педагогикалық кадрларының секциялық жұмысы ұйымдастырылды. Жалпы, «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбы аясында 39 секция өткізіледі. Елордалық педагогтар білімнің мазмұнын жаңарту бағдарламаларына, соның ішінде инновациялық процесстері дамытуға ерекше көңіл бөледі.
astana.gov.kz/kk/modules/material/11185
Пікір жоқ әзірше