Олимпиадаға қатысатын боксшыларымыздан не күтесіз!?

Блог - ZakenovDaniyar: Олимпиадаға қатысатын боксшыларымыздан не күтесіз!?Көптен күткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының басталуына санаулы сағаттар қалды. Өзім бокс жанкүйері болғандықтан, бар назарымды осы спрот түріне салмақпын. Бокс Қазақстанда №1 спорт екеніне ешкімнің қарсылығы жоқ деп ойлаймын… Осы жолғы олимпиадаға Қазақстан, Куба және Өзбекстан толық құрамда өнер көрсететіндері белгілі (10 салмақ дәрежесінде). Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуы бойынша, боксшыларымыз жарысқа психологиялық жағынан болсын, физикалық жағынан болсын сақадай сай. Бірақ олимпиада болғаннан кейін, барлық спортшылар бар күш-жігерін сарып етіп дайындалатыны бесенеден белгілі. Өзімнің болжамымша Қазақстан құрамасы бокстан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарді еншілейді. Ендеше жігіттеріміз бен қыздарымызға сәттілік серік болып, қазақ елін жетістіктерімен қуанта берсін… Қызықтан құр қалмаңыздар!!! Ойларыңызбен бөлісіп отырыңыздар!!!
49 келі- Біржан ЖАҚЫПОВ
52 келі- Олжас СӘТТІБАЕВ
56 келі- Қайрат ЕРАЛИЕВ
60 келі- Берік ӘБДІРАХМАНОВ
64 келі- Абылайхан ЖҮСІПОВ
69 келі- Данияр ЕЛЕУСІНОВ (құрама капитаны)
75 келі- Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ
81 келі- Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВ
91 келі- Василий ЛЕВИТ
91+ келі- Иван ДЫЧКО
Әйелдер арасында 2 боксшы қызымыз бар олар:
51 келі- Жайна Шекербекова
75 келі- Дариға Шакимова
Бөлісу:

8 пікір

AbilmansurKamzaev
Олимпиада ойындарында жүлде күтетін спорт түрлерінің бірі болғандықтан жақсы нәтижелер күтемін)
ZakenovDaniyar
Әрине, тақымыңызды қысып отырыңыз!
ken
Кемінде бір алтын болады деп ойлайм
ZakenovDaniyar
Одан да жоғары нәтиже көрсетеді деп сенемін
asaubota
бір алтын күтем — Елеусіновтен
ZakenovDaniyar
Елеусінов алатынына жүз пайыз сенімдімін, 69 қазақтың салмағы ғой, басқа боксшыларымыз жайлы не ойлайсыз? Мысалы, Абылайхан Жүсіпов…
asaubota
сюрприз нәтиже болып қалуы мүмкін. сондай-ақ мамандар Дычконы шансы жоғары деп жатыр
ZakenovDaniyar
Өз басым Олжас Сәттібаев пен Қайрат Ералиев екеуі қолаға шамалары жетеді, ал қалғандары алтын медальға таласуға болады деп ойлаймын