Елордада ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесінің бірінші кезеңі іске асырылуда
Елордада ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесінің (ЭЖТЖ) бірінші кезеңі аясында азаматтардың жеңілдікті санаты қала маңына қатынайтын автобустарда тегін жүру құқығына ие болды.
30 шілдеде Астананың қала маңындағы территориясы 4 тарифтік аймаққа бөлінді және әрбір аймақтың ұзындығы 15 км құрайды. Бүгінгі таңда қала маңындағы тасымал қызметі 14 маршрутпен көрсетіледі және 24 елді мекенді қамтиды.
Бұған дейін қолданылған 84 тарифтен тұратын тарифтік кесте 5-ке дейін қысқартылды. Осы уақыттан бастап жолақы құны жолаушының тарифтік аймақта қозғалуына байланысты болады. Бұл ретте қала маңындағы тұрғындарының Астанаға дейінгі жолақы құны орта есеппен 50 теңгеге арзандады.
Қала маңындағы автобустарда автопарктің бақылау-желілік қызметі жұмыс істейді. Толық ақпарат алу үшін жолаушылар 574-777 телефоны бойынша байланыс орталығына хабарласа алады.
Электронды жолақы төлеу жүйесінің бірінші кезеңінде қолма қол ақшамен есеп айырысу арқылы көлік карталарын қолданбай қала маңы бағдарларындағы жолақы бағасын өзгерту қарастырылған.
astana.gov.kz/kk/modules/material/11101
1 пікір